Меню Рубрики

Туберкулез ауруы туралы мәлімет суретімен

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулез— микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын.

Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».

Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.

Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады.

Туберкулезді емдеуде және алдың алуында орта буынды медицина қызметкерлерінің жұмысының маңызы зор.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Ø Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді.

Ø Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

А) ерте туберкулез интоксикациясы;

Б) кеш туберкулез интоксикациясы;

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

Б) өкпенің ошақты туберкулезі;

В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

Г) туберкулездік бронхоаденит;

Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

3.Басқа ағзалардың туберкулезі:

Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;

Г) тері қабатының туберкулезі;

Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;

Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Бұл ауа-тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды.
Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды.
Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.

Микобактериялар –қышқылға төзімді бактериялар, грам он таяқшалар. Микобактериялардың құрамында 70-80% майлы қышқылдар бар. Цил-Нилсен бояу әдісі арқылы анықтайды. Осы тұқымдасқа туберкулез және алапес қоздырғыштары жатады.

Туберкулез қоздырғышы. 1882ж Р.Кох туберкулез қоздырғышын ашқан. Туберкулез ауруы көп таралған. ДБҰ болжамы бойынша алдынғы 10 жылдарында туберкулезбен 90 млн жұқтырады, 30 млн адам өледі. Қазақстан туберкулез ауруы таралуы бойынша, барлық ТМД елдерінің ішінде бірінші орында.

· Түрлері – M.tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. leprae.

· M. hominis, bovis, avium, africanum — сәл иелген таяқшалар, спора, капсула тузбейді, қозғалмайды.

· Орталарға талапшыл – картоп, глицерин, сары ұызды талап етеді, баяу өседі 30-45 тәулік. Элективты орталар — Левенштейн –Йенсен ортасы, Бучин ортасы, Петраняни ортасы.

· Тығыз орталарда –R пішінді колониялар тузеді – ірі, әжімделген, сары түсті, құрғақ.

Туберкулез қоздырғышының биохимиялық қасиеттері Ферментативтік қасиеттері тұрақты емес, диагностика үшін манызы жоқ. Эндотоксин тузеді – туберкулин деп аталады, осы токсинді Кох ашқан. Фтиоидты, микол қашқылдары адам тіндерін бұзады,балауыз, корд-фактор токсигендік қабілеті бар. Корд-фактор микобактерияларды фагоцитоздан қорғайды. Аяқталмаған фагоцитоз байқалады.

· Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.

· Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы.

· Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Таралу жолдары. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды.

Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы — Гон ошағы деп атайды.

· Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі. Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды.

· Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ушырайды, сақталады.

· Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимф бездерін зақымдайды.

Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар:

· Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы

· Тыныс органдарының туберкулезі

· Жүйелермен органдардың туберкулезі

ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

— жыл сайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады;
— ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін — -жұқтыруы мүмкін;
— туберкулезге шалдыққандардың 75% 20-40 жас аралығындағы адамдарды кұрайды;
— оның салдарынан жыл сайын 2 миллионға жуық адам қайтыс болады;
— ауруды жұқтырғандардың 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мүмкін.

ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ҰЗАҚ САКТАЛАДЫ,

БІРАҚ ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫН ӨЛТІРУГЕДЕ БОЛАДЫ:

— 1-1,5 сағат күн сәулесін сәулелендіргенде;
— 2-3 минут ультрокүлгін сәулелер әсерінен;
— сүт қайнатқанда;
— күнделікті бөлмені желдетіп отырғанда;
— ылғалдатып үйді жинап отырғанда.

· Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды.

· Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады.

· Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).

Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады.

Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі.

Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.

Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан, сарсу т.б.

· микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік)

· микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу)

· биологиялық серологиялық (сирек қолданылады)

· аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары)

Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады. Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады. Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

. ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

. ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ

Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың ұйқысы тыныш, ұзақ болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы 15-20 % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.

Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.

ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.

Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері

Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.

Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.

Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.

Мультирезистенттік туберкулез – ауруды дұрыс емдеумен нәтижесінде, әсіресе қандай да бір сылтаумен дәрі қабылдауды тоқтатқаннан пайда болады. Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын, әрі ұзаққа кем дегенде 18-21 айға созылады. Сондықтан туберкулезбен ауыратындар, олардың жақындары, емдеу жұмысына қатысатын барлық медицина қызметкерлері туберкулезді емдеу барысында емді ешқашан үзуге болмайтынын білуі тиіс.

Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады.

Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.

Туберкулездің арнайы алдын алуы.

1. Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.

2. БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPI

— вакцина және БЦЖ ревакцинациясы

— дене шынықтыру белсенділігі;

— зиянды әдеттерден бас тарту.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды.

Жалпы жұқпалы аурулардың қоздырғышы- микробтардан табылуы Голландия ғалымы Левингуктың үлкейтіп көрсететін шыны линзасының жарыққа шығыуымен байланысты. Тұнғыш қарапайым микроскопты құрастырған және бірінші болып құжынаған микроптарды көрген де осы Анатолий Левинчук еді.
Дегенмен, жұқпалы аурулардың ішіндегі туберкулез қоздырғышын табу онай болмады. Көп жылдар бойы іздену барысында неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы туберкулездің қоздырғышын тауып, қауіпті әрі жұқпалы ауларға қарсы нақтылы күрес жүргізу ісіне баға жетпес үлес қосты. Бірнеше есе үлкейтіп микроскоппен қарағанда туберкулез микробы сәл ғана иілген таяқша сияқты болып көрінеді. Бұл аурудың қоздырғышын алғашқы кезде “ кох таяқшасы” немесе “туберкулез” таяқшасы деп атап келгенімен соңғы уақытта мұны туберкулез деп атайтын болды.

1. Ғаламтор желісі, сілтеме: http://kazmedic.kz/archives/1890

2. Ғаламтор желісі, сілтеме: kaz.kz/balalardagy-tuberkulez-dots-bagdarlamasy/

3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»

4. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Тақырыбы: Туберкулез кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері

источник

Туберкулез немесе құрт ауруы — өте жиі кездесетін жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — көзге көрінбейтін өте кішкентай “кох таяқшасы”. Оны 1882 жылы неміс микробиологы Р.Кох ашқан, қоздырғыш соның атымен аталады. Жұқпалы ауруды тарататын — науқас адам, ол микробтары бар қақырық тастайды.

Сау адамға, туберкулезбен ауырған адам жөтеліп, түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы немесе кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда жұғады. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың ортақ белгісі — дене қызуының көтерілуі, түнге қарай дененің көп терлеуі, ұйқының және тәбеттің нашарлауы, жүдеу, ашуланшақ болу, бұған қоса, құрғақ немесе қақырық түсетін жөтел дамиды.

Адам әлсіреп, қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығына қан араласуы мүмкін.

Туберкулез таяқшалары өкпеден басқа буындарды, сүйектерді, теріні, бүйректі және лимфа түйіндерін зақымдайды. Адам туберкулезді жануарлардан да (сиыр, тауық) жұқтырады. Ауру адамға олардың етін, жұмыртқасын жеп, сүтін ішкеннен жұғады. Бұрынғы кезде туберкулезден адам өте көп өлген.

Қазіргі кезде ауруды емдеудің терапиялық және хирургиялық әдістері табылды. Бұл ауруды емдеуді арнайы емханаларда жүргізеді. Сондай-ақ, арнайы санаторийлерде емделу де өте тиімді. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби туғаннан кейін 3—5 күннен кейін егіледі.

Туберкулез — бұл сырқат XIX ғасырда ел арасына көп тараған еді. Халқымыздың әл-ауқаты мен мәдени-тұрмыс жағдайларының жақсарып, медицинаның дамуына байланысты бұл сырқатпен ауыратындар саны қазір азайып келеді.

Туберкулезден сақтандырудың ең бір тиімді түрі — бұл ауруға қарсы егу болып табылады. Нәресте туғаннан кейін дәрігер баланың денсаулығын, мерзіміне жетіп туған-тумағанын, салмағын анықтап алған соң бәрі дұрыс болса, 5—8 күн ішінде туберкулезге қарсы вакцина егеді. Егілген жер 2—3 аптадан соң қызарып, бөртеді де, 2 айдай қабыршақтанып жүреді. Сөйтіп балада бұл ауруды қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Ол 6—7 жылдай сақталады. Сондықтан дені сау балалар 7, 12, 17 жасқа келгенде қайталап егіледі.

Туберкулезге қарсы егу нәтижесінде бұл аурумен балалар өте сирек ауыратын болды. Бұл — зор жетістік. Ал егер бала ауыра қалғандай болса, сырқат жеңіл басталып, тез жазылып кетеді. Дегенмен, жанұяда туберкулезбен ауырған адам болса, онда арнайы сақтандыру шаралары жүргізіледі.

Туберкулездің ауру қоздырғыш микробы өсіп- өнгіш, сыртқы ортаға өте төзімді әрі жұққыш келгенімен, күн сәулесі мен ыстықта тез қырылып қалады. Сау балаларға ауру сырқат адамдардан және ауру малдан жұғады. Жұғу жолдары да әр түрлі. Туберкулез ауа арқылы, түкірік, қақырық, сілекей, ауырған малдың шикі сүті және еті, ауру малды баққан адамның киімі, ұстаған заттары арқылы жұғады. Сондай-ақ ол науқастың ыдыс-аяғынан да, киім-кешегінен де, төсек-орнынан да жұғады. Емшектегі балаға ауру анасының сүтімен беріледі.

Осындай жұғу жолдарының біріне тап болған бала туберкулезге қарсы егілмеген, организмі шынықпаған әлсіз, суыққа төзімсіз, мешел, ревматизммен ауырған болса, тез сырқаттанады. Туберкулезбен баланың кез келген органы ауырады.

Басқа органдардың туберкулезіне қарағанда балаларда лимфа бездерінің, өкпенің туберкулездері жиі кездеседі. Лимфа бездерінің туберкулезі кезінде бұл бездер ісініп, қабынады да, үлкейіп біріне-бірі қосылып кетеді. Туберкулезге, әсіресе тамақ, өңеш, өкпе түбіндегі лимфа бездері жиі ұшырайды.

Ауру бастапқы кезде білінбей басталады. Бірақ біртіндеп ауру қоздырғыш өсіп-өне бастайды да, улы заттар бөліп шығарып, бүкіл организмді улайды. Осы кезде баланың мазасы кетеді, денесі делсал болып, тамаққа тәбеті шаппайды, ұйқысы бұзылады. Еш нәрсеге алданбай жылай береді, тіпті манаурап ұйықтай беретіндері де болады.

Кейбір балалар не болса соған тез өкпелейді, ашуланады, мінез-құлықтары өзгереді. Мектеп жасындағы балалардың оқуға ынтасы болмайды, бастары ауырып, сабақ үлгірімдері нашарлайды. Жағдайы нашарлап, тамақ, мойын, шүйде, қолтық, шат бездері ісініп, үлкейе бастайды.

Ауруды асқындырып алмас үшін балаға манту реакциясын жасайды. Манту реакциясы 1 жас пен 17 жасқа дейінгі аралықта жыл сайын бір рет жасалып отырады. Егер күдік туса, баланы тексеруден толық өткізіп, ауруды дер кезінде анықтаған, сөйтіп жедел түрде емдеген жөн.

Өкпе туберкулезі ересек балалар мен жасөспірімдер арасында кездеседі. Ал онымен нәрестелер мен сәбилер өте сирек ауырады, ауыра қалған күннің өзінде ол ішкі бездер туберкулезінің асқынуынан барып пайда болуы мүмкін.

Бұл ауру кезінде баланың ойынға зауқы соқпайды, тамаққа тәбеті шаппайды, шаршай береді. Құрғақ жөтел пайда болып, кешке қарай аздап температурасы көтеріледі. Мойын, тамақ, қолтық, шат және тағы басқа бездері ісініп үлкейеді, қатаяды. Ауру асқынып, кеуде көк етін де туберкулезге шалдықтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың температурасы қатты көтеріліп, 39—40 градусқа жетеді, жөтелгенде кеудесі ауырады, дем алысы нашарлайды, ентігеді.

Сүйек-буын туберкулезі — білінбей басталады. Сырқаттанған бала көңілсіз жүреді, шаршағыш, не болса соған ашуланғыш келеді. Күннен-күнге денесі ауыр тартып, ұйқысы бұзылады, мазасы кетеді, еш нәрсеге зауқы болмайды. Жата бергісі келеді. Бұл ауру ұзақ емдеуді қажет ететін болғандықтан баланың да, оның әке-шешесінің де ұқыпты әрі төзімді болғандары жөн.

Ми қабығының туберкулезі — өте қауіпті, бірақ сирек кездеседі. Ауру көп жағдайда созылмалы түрде басталады, алғашқы кезде бала тұмауратады, тамаққа тәбеті болмайды. Оқтын оқтын температурасы аздап көтеріледі. Дерт меңдеген сайын баланың көңіл-күйі нашарлап, өзі әлсірей береді.

Мектеп жасына дейінгі балалар мазасы кетіп ыңқылдайды, беталды жылай береді. Еш нәрсені жақтырмай сұлық түсіп жатып алады. Ал сырқаттанған ересек балалар ашулана береді, болмашы нәрсеге өкпелейді. Басы ауырып, селқос жүреді. Жарықты, айқай-шуды жақтырмайды. Басын шалқайтып, аяғын бауырына тартып алып бүк түскен күйі ыңқылдай береді. Туберкулезбен балалардың басқа да органдары зақымданады, бірақ олар өте сирек кездеседі.

Бір кездері жазылмайтын кесел саналып келген туберкулез қазір медицина ғылымының дамуына байланысты қауіпті болмай қалды. Тек дер кезінде қаралып, емделген жөн. Науқас баланың ерекшелігіне, аурудың түріне, ауыр-жеңілдігіне қарай дәрігер емдеу тәсілі мен дәрілердің тиімділерін пайдаланады.

«Ас — адамның арқауы» дейді халық. Организмнің клеткалары мен тканьдері тіршілікке қажет қоректік заттарды күнделікті ішетін тамақтан алады. Дұрыс тамақтану — бүкіл организмнің әл-қуатын арттырып, оның ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады.

Сондықтан да науқас баланың тамағына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Ауру баланың ішетін асында белок, май, углевод, минералды тұздар мен витаминдер сау балалардың ішетін тамағындағыдан 20 проценттей артық болуы тиіс. Өйткені туберкулезбен ауырған бала организміне белоктар, витаминдер, углеводтар, майлар, минералды тұздар жетіспейді.

Тамақ сіңімді болуы үшін балаға оны белгілі бір сағаттарда күніне 5 рет береді. Тамақ құнарлылығымен қатар дәмді де болуға тиіс, сондай-ақ ас әзірлеуші мен күтуші адамның тазалығына көңіл бөліп отыру қажет. Баланың тамағы еттен, балықтан, күріштен, сүттен, жұмыртқадан, сұлыдан, қарақұмықтан және басқа да жармалардан жасалады, оларға өсімдік майлары, сары май, картоп, капуста қосылады. Балаға жеміс-жидекті барынша көп беру керек.

Ғылым жетістіктері нәтижесінде туберкулезді түбегейлі емдеп жазатын алуан түрлі дәрі-дәрмектер және оларды қолдану тәсілдері табылды. Соның нәтижесінде бұл аурудан құлан-таза жазылып кетуге мүмкіндік туды. Туберкулездің қай түрінде болса да дер кезінде дәрігерге көрініп, ауруды асқындырып алмауға тырысу керек. Ауру асқынып кетсе, емдеу ұзаққа созылады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

источник