Меню Рубрики

Туберкулез ауруы туралы тәрбие сағаты

«Туберкулез» сынып сағаты сынып жетекшілерге арналған

Сынып жетекшісінің аты-жөні: Қайыржан Айнур Ануарқызы

Тақырыбы: «Туберкулезден қалай қорғануға болады»

Өткізу формасы: аралас сабақ

а) Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру

ә) Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.

б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер, видеороликтер,слайд.

Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 — жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.

Тереңірек видеороликтен көрсек.

— Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дәрігер-фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Совет Сержанның дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.

Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха » ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т.б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады-ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер-фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.

— Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарыңыз бар?

1 оқушы: — Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін? Дәрігер: — Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.

2 оқушы: — Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады? Дәрігер: — Туберкулездi анықтаудың бiрден-бiр жолы — қақырық тексеру. Егер науқас: — Үш аптадан аса жөтелсе; — Қан түкiрсе; — Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса; — Үш аптадан аса қалтырап жүрсе , бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн.

3 оқушы: — Туберкулез ауруын емдейтін қандай жолдар бар? Дәрігер: — Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс емделген жағдайда түгелдей дерлік сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп отыр. — Дұрыс емдеу аурудың алдын-алуда маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге жұғу қаупі жоғалып таралу жолына бөгет жасалады.Толық емдеу курсын қабылдау қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады.

Мұғалім: Ендi балалар туберкулез ауруы туралы сұрақтарыңыз тәмәмдала келсе, бұл ауру туралы ойларымызды қорытындылап, оның алдын-алуы туралы айтып өтейік! Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің қорғаныс қабiлетiн нашарлатады.Жұпыны тұрмыспен құлазыған көңіл-күй де организмді әлсiретiп, оның ауруға қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез-жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтарамыз. — Мiне балалар сендер туберкулез туралы аз да болса түсiнiк алдыңдар. Осы қауiптi аурудың болмауы үшiн одан өзiмiздi сақтауда қолымыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз керек. Үнемi таза ауада жүрiп спортпен шұғылдану сiздердiң дендерiңiз сау болып, мықты болудың кепiлi.

Мұғалім: Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар.. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.

Ал балалар сендермен ойын ойнасақ, мен сендерге карточка таратамын сол таратылған карточкаларда Мақал-мәтелдердің орын реті ауысқан, орнына әкеліп дұрыстап жазу керек.

1. Ішпеген, шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.

4. Адам арақты ішеді, Арақ ақылды ішеді.

5. Ішпеген, шылым тартпаған, Денсаулығын сақтаған.

1.Ішпеген, шекпеген шылым жылдар көптеген жасайды

2.Ғұмырды келсе ұзартқың шылым арақ пен таста

3.Көмегі темекінің , ермегі ерікекннің

4.Ішеді арақ адамды, ішеді ақыл арақты

5.Тартпаған, ішпеген шылымды , сақтаған денсаулығын

Қорытынды: Ал балалар бүгінгі тәрбие сағатты қорытындылай келсек:

О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,

Одан кейін өзгелерді сақтандыр

Тәрбие сағатқа қатысып , ден қойып тындағандарыңызға көптен-көп рахмет.

источник

Тақырыбы: Туберкулез — жұқпалы ауру
Мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру
ә) Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
б) Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық — гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.
Түрi: танымдық сабақ
Әдiсi: Баяндау, сұрақ — жауап.
Көрнекiлiгi: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалiмнiң кiрiспе сөзi: Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 — жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8 — 10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.
— Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дәрігер — фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Ізтілеу Іңкәрдің дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.
Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха» ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р. Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді: өкпе, сүйек, буын, бүйрек. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады — ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер — фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.
Дәрігермен сұхбат
— Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарыңыз бар?
1 оқушы:
— Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін?
Дәрігер: — Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.

2 оқушы:
— Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады?
Дәрігер: — Туберкулездi анықтаудың бiрден — бiр жолы — қақырық тексеру.
Егер науқас:
— Үш аптадан аса жөтелсе;
— Қан түкiрсе;
— Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса;
— Үш аптадан аса қалтырап жүрсе, бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн.

3 оқушы:
— Туберкулез ауруын емдейтін қандай жолдар бар?
Дәрігер: — Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс емделген жағдайда түгелдей дерлік сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп отыр.
— Дұрыс емдеу аурудың алдын — алуда маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге жұғу қаупі жоғалып таралу жолына бөгет жасалады. Толық емдеу курсын қабылдау қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады.

4 оқушы:
— Науқас адамнан таралатын бактерияларды қалай залалсыздандырады?
Дәрігер: Мұндай науқастардың қақырығын, төсек орнын және т. б залалсыздандыруда мыналарды ескеру қажет:
— Тікелей түскен күн сәулесі туберкулез бактерияларын 5 минут iшiнде өлтiредi.
— Туберкулез бактериялары 600С — қа қыздырғанда 20 — минутта, 700С қа қыздырғанда 5 минутта қырылады.
— Қолданылған қағаз, қол орамалдарды дереу өртеп жіберу керек.
— Науқастың көрпе — төсенiштерiн желдету және күнге жою оларды залалсыздандыруда ең жақсы әрі қарапайым әдiсi.
Топпен жұмыс
1 — топ Аурудың алдын алу үшін сақтық шаралары
2 — топ Денсаулықтың достары
3 — топ Денсаулықтың қастары
(Жұмысқа берілген уақыт аяқталған соң оқушылар жұмыстарын қорғайды).

Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы
орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Мұсаева Ж. Р.
Арқалық қаласы
Туберкулез — жұқпалы ауру. жүктеу

источник