Меню Рубрики

Туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды анықтады

Бактериялар классификациясы.

Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар — бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.

Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:

Цианобактериялар(көк-жасыл балдырлар)2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер. клеткалардың пiшiнi доғалы, цилиндрлi таяқша тәрiздi. Ционобактериялар бiржасушалы болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан тұрады. Сыртынан клеткалар тығыз қапшық тәрiздi сiлемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды. Цианобактериялар клеткаларының түсi әр түрлi – көкжасылдан күлгiн қызыл және қараға дейiн Мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады олар – хлорофилдер, ксантофилдер және фикобилиндер Цианобактериялар жасушаның екiге бөлiну арқылы көбейедi.
Тiршiлiк ету ерекшелiгi фотосинтезбен атмосфералық азотты азотфиксациялау қабiлетi болып табылады. Көне дәуiрде Архей заманында атмосферасы оттегiмен цианобактериялардың фотосинтезi қызметiнiң арасында байыған
Цианобактериялардың негiзгi бөлiгi тұщы суларда, ал кейбiр аздау түрлерi теңiздерде мекен етедi Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуi цианобактериалардың көбеюiмен байланысты. Азотфиксациялайтын цианобактериялар ауа азотын меңгерiп оны басқа организмдер пайдалана алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады.
Цианобактериялардың маңызы: зат және энергия айналымында үлкен рөл атқарады.
Археобактериялар

Архебактериялар (грекше Archaios — көне және бактерия) физиологиялы-биохимиялық қасиеттерi бойынша нағыз бактериялар-эубактериядан ерекше, клетканың құрылысы прокариотты болып келетiн микроорганизмдер тобы. Архебактерияның мембрана липидiнiң құрамы, эубактерияда да, эукариоттарда да кездеспейтiн глицерин мен изопреноидты спирттiң эфирi кiредi. Архебактерия клетка қабықшасы эубактериядағы муреиннен емес, қышқыл полисахаридтен, ақуыз немесе псевдомуреиннен тұрады. РНК-полимеразасы 9-12 субъбiрлiктен тұрады.

Рибосомаларға оған кiретiн ақуыздың күштi қышқылды болуы тән. Эукариот хромосомына тән, архебактериялардың генетикалық материалында жүздеп қайталанатын нуклеотидтi тiзбектермен интрондар қатысады. Архебактериялар рибосомды және тасымалдаушы РНК-дағы нуклеотидтер тiзбегiнiң құрамы бойынша, басқа микроорганизмдерден ерекшеленедi. Архебактериялар зат алмасу типi бойынша, физиологиялық және экологиялық ерекшелiгi бойынша әртүрлi болады, оның iшiне: аэробтар мен анаэробтар, хемогетеротрофтар мен хемоавтотрофтар, нейтрофилдер мен ацидофилдер кездеседi. Кейбiр архебактериялар (галлобактериялар) фотосинтездiң, жарықты хлорофил емес, бактериородоксин сiңiретiн ерекше типiне ие.
Архебактериялардың бес топқа жататын (25 тұқым) 40 тан астам түрi бар. Кейбiр зерттеушiлер Архебактерияларды жеке дүниеге, ал басқалары (Mendosicutes) және (Archaebacteria) прокариттар дүние үстi мен бөлiмiне жатқызады.
Архебактерияларды 1977 жылы Л.Маргун мен Д.Ненни (АҚШ) солай атап дүние деңгейiне бөлiп шығарды. Бұл микроплазмаға тән, метантүзушi, аэробты күкiрт қышқылдаушы, анаэробты күкiрттi қайта түзушi, термоацидофильдi күкiрттi аэробтар мен галафилдер. Архебактериялардың клетка пiшiнi шар, цилиндр, спираль, сәуле, төртбұрыш, қорап тәрiздi және т.б. болып келедi. Олар, прокариоттар сияқты нуклеидтен, эукариоттарға тән мембранды органелла: митохондрия, лизосома, Гольджи аппараты, эндоплазмалық тордан тұрады. Барлығында клеткалы қабықша, кейтүрлерiнде талшық пен фибриллдер болады. Кейбiр түрлерi моноқабатты липидтi мембрана түзедi. Көбiсiнде гликоген кездеседi.
Клеткалы қабықша құрамында муреин орнын басқа биополимерлер қышқыл МПС, ақуыз немесе псевдонуклеин құрайды. Оның нуклеиннен айырмашылығы, оның құрамында мурамды қышқыл болмайды. 100 градустан жоғарғы температурада дамуы мүмкiн.

Бактериялардың экологиясы

Адамға пайдалы бактериялар.Микроорганизмдердiң адам үшiн маңызы зор: бiрiншiден, олар биосферада үлкен рөл атқарады және екiншiден, оларды әртүрлi әдiстер арқылы қажеттi мақсатта қолдануға болады.

Адам барған сайын бактерияларды кеңiнен қолдануда. Бұл қазiргi өндiрiстiң қайта қурылуы және биотехнологияның пайда болуының алғы шарттары. Осыған қарамастан, бiз күнделiктi қолданыс заттарының, соның iшiнде қоректi заттар мен энергия көзiнiң алыну әдiсiнiң түбiрiмен өзгертетiнiне сенiмдiмiз. Биотехнологияның өркендеуi көп жағынан генетикамен байланысты. Генетикалық бiлiмнiң жиналуынан, кез-келген организм генiмен, соның нәтижесiнде, айналымға қатысуға еркiн мүмкiндiк алдық. Осылай гендiк инженерия пайда болды.

Биогеохимиялық циклдар (биогендi элементтер айналымы). Азот айналымына келесi бактериялар қатысады: а) азоттүзушi бактериялар, еркiн тiршiлiк ететiн сапрофиттер, мысалы Azotobacter, немесе симбионттар, мысалы Rhizobium;
б) нитраттаушы бактериялар, органикалық қосылыстарда байланысқан азотты (мысалы, ақуызда) нитратқа, мысалы Mitmsomonos Nitobactor: айналдырады;
в) нитраттайтын бактериялар, мысалы Thiobacillus, яғни нитратты бос азотқа айналдырады.

Ағын суларды тазарту. Тазартушы құрылыстардағы бактериялардың рөлi, топырақтағымен бiрдей-ақ. Екеуiнде де, олар органикалық заттарды ыдыратып, оларды еритiн зиянсыз бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Күнделiктi ағын суларды алдын ала арнайы қоймаларда сұйық бөлшек пен құмды тұнбаға бөледi, және содан кейiн оны, аэробты және анаэробты бактерияларды қолдана отырып бiрнеше кезеңмен қайта өңдейдi. Анаэробты бактериялар түзетiн метан, кейде тазартушы құрылыстардың жұмыс iстеушi механизмдерiнде жанармай ретiнде қолданылады.

Тазартудан кейiн, өзенге ағызатын тазартылған сұйықтық алады, және зиянсыз органикалық және бейорганикалық заттар мен микроорганизмдерден тұратын құмды (көбiне бактериялар мен қарапайымдылар), кептiрiп егер арасында ауыр металмен ластанбаса, тыңайтқыш ретiнде қодануға болады.

Симбиотикалық бактериялар. Сүтқоректiлер мен басқа жануарлар целлюлозаны қорыта алмайды, себебi целлюлоза ферментi жоқ. Шөппен қоректенушi жануарлардың қорегiнiң негiзгi массасы жасұнық құрайды. Бiрақ олардың iшектерiнде, жасұнықтарды қорытатын симбиотикалық бактериялар мен қарапайымдылар тiршiлiк етедi. Қояндарда ондай бактериялар соқыр iшекте және құрт тәрiздi өсiндiде, ал сиыр мен қойда – месқарында тiршiлiк етедi. Жанама түрде бұл бактериялар адамға да қызмет етедi, себебi адам үй жануарлар етiн қорек ретiнде қолданады. Адамға тiкелей қатысты, өзiнiң iшегiнде “микрофлорасы” бар. Iшекте көптеген бактериялар тiршiлiк етедi, адамның терiсiнде тiршiлiк ететiн бактериялар патогендi организмдерден қорғайды.

Адамға зиянды бактериялар.Бактериялар адамға екi жағдайда зиянды болуы мүмкiн. Бiрiншiден, егер ерекше шаралар қолданбаса сапрофиттi бактериялар ас азық – түлiктердi бұзады; осыдан азық – түлiктердi сақтаудың көптеген түрлi және экономикалық жағынан пайдасыз тәсiлдерi. Екiншiден, бактериялар аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн: бұл әсiресе жануарларға қатысты. Адамдарда, үй жануарлары да (хайуандар) ауырады, ал кейбiр кездерде егiстiктерде зардап шегедi. Аса тараған бактериалды және вирусты аурулар инфекцияларының таралу тәсiлдерi ұқсас болғандықтан, бұл ауруларды бiрге қарастыру ыңғайлы.

Жануарлардың аса қауiптi ауруларына сальмонеллез жатады. Өсiмдiктердiң бактериалды ауруларынан жемiс өсiмдiктерiнiң галлдары және алма ағашпен алмұрттардың бактериалды күйiгiн тудыратын Agrobacterium tumefaciens және Erwinia amylovorum – мен ауруларды атап кетсе болады.

Ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу.

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаңжәне т. б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданылатын дәрілер алынды. Ауырған кезде адам түрлі дәріні пайдаланады. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адамның ағзасын жұқпалы микробтардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы — тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны тынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т. б. (Ауасы тазартылған бөлмеле бактериялар саны 13 есе азаяды.)Бактерияның басқа түрлері сары ауру, қызамық, қуздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.

Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл аурулы қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.

Қантышқақ (дизентерия) ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы да мүмкін.

Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин, бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол аурулы антибиотиктердің көмегімен 2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады. Ертеде (VI ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.

Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол аурулы бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдал, зор нұқсан келтіреді. Бактерияларөсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары — тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.

Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл аурулы болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.

Ғалымдар грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған. Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.

Адам, өсімдіктер мен жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар, олар ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, сула, тағамда тіршілік етеді. Адамға солар арқылы оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, қантышқақ, құздама ауруы жұғады. Адамның жаппай ауруы індет деп аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы — бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы — гоммоз (шайыр ағу). Аурудан сақтану жолы — тазалық сақтау.

Қазақтың біртума шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауруларға өзінше атау берген. Оның ұсынуы бойынша: тышқақ — сатқа, қантышқақ — сатқақ, құздама — сорбуын.

Дәріс 5. Вирустар.

Вирустардың құрылысы және тiршiлiк процестерi

Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады.

Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi.

Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.

Тұмау вирусының көптеген түрлерi бар. Вирустар бiрте-бiрте өзгерiп жаңа қасиеттерге ие болады, сондықтан ғалымдар вирустың жаңа түрлерiн анықтауда. Микроскоптың көмегiмен тұмау вирустарын зерттеп, ғалымдар адамдарды аурудан сақтайтын арнайы препараттарды шығаруда. Бұл препараттар вакцина деп аталады.

Адам организмiнде мұрны мен тамағының сiлекейлi қабықшасын зақымдайтын суық тигiзетiн вирустар бар.

Ең қауiптi вирус, бұл қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы тұру қабiлетiнен айырылады.

Қазiргi уақытта СПИД вирусы адамзатқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушылардың саны күннен – күнге өсуде. Суретте үлкейтiлген Т лимфоцитi көрсетiлген, қызыл түспен ВИЧ вирусы боялған.

Вирустардың қасиеттерi

Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап қалатын сүзгiштен өтiп кетедi.

“Вирустар тiрi ме?” деген сұрақтар жиi қойылады. Егер тiрi деп, генетикалық материалдары (ДНҚ немесе РНҚ) бар және өзiн – өзi өндiру қабiлетi бар құрылымды есептесек, вирустарды тiрi деуге болады. Ал егерде тiрi деп, клеткалық құрылымды есептесек, жауап керi болу керек. Тағы да айта кететiн жәйт, вирустар қожайын-клеткасыз өмiр сүре алмайды. Олар өзiн-өзi тек қана тiрi клетканың iшiнде өндiре алады, сондықтан олар облигатты паразиттер болып табылады. Әдетте олар аурудың айқын белгiлерiн көрсетедi. Қожайын клетканың iшiне кiрген соң, олар қожайынның ДНҚ-ын “жойып” және өзiнiң ДНҚ немесе РНҚ пайдаланып, клеткаға вирустың жаңа көшiрмелерiн түзуге бұйрық бередi. Вирустар клеткадан клеткаға инерттi бөлшектер ретiнде жеткiзiледi. Вирустың құрылымы өте қарапайым. Олар вирустың өзегiн құрайтын генетикалық материалдан ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған капсид деп аталатын қорғаныс белок қабықшасынан тұрады. Толығымен қалыптасқан инфекциялық бөлшек вирион деп аталады. Герпес немесе грипп вирустары сияқты кейбiр вирустарда, қожайын – клетканың плазмалық мембранадан пайда болған қосымша қабықшалары болады. Басқа барлық организмдерден айырмашылығы, вирустарда клеткалық құрылым болмайды.

Жиi вирустың қабықшасы ұқсас қайталанатын субъбiрлiктер – капсомерлерден құралады. Капсомерлер де кристалдануға қабiлеттi, симметрияның жоғары дәрежесi бар жүйелер құрылады. Бұл рентгендiк сәулелердi қолдануға негiзделген, кристаллографикалық әдiстермен электрондық микроскопия көмегiмен, олардың құрылымы туралы мағлұмат алуға мүмкiндiк бередi. Қожайын клеткасында вирустың субъбiрлiгi пайда болысымен, олар бүтiн вирусты түзуге қабiлеттерi көрiнiс табады. Өзiн-өзi түзеу басқа да көптеген биологиялық жүйелерге тән, бұл биологиялық құбылыстарда iргелi маңызы бар.

Мысалға аденовирусында, полиома вирусында (папилломалар, полиомелит вирусы) икосаэдролар мен додекаэдрлар. Икосаэдраның 20 үшбұрышты қыры, 12 шыңдары және 30 қабырғасы бар. Аденовирустың әр 20 қыры бiрқатар капсомерлерден тұрады. Қосындысында капсомерлер саны 252 (240 алтыбұрышты және 12 бесбұрышты, икосаэдраның шыңдарында). Әртүрлi вирустарда бұл сандар өзгерiп тұрады. Мысалы: рХ174 бактерияларында 12-ге тең, герпес вирусында – 162, полиома вирусында – 42. Бұл вирустардың барлығында 12 бесбұрышты капсомерлер бар, соның өзiнде бактериофагта алтыбұрышты капсомерлер мүлдем жоқ және додекаэдр деп аталатын жүйе құрылады.

Спиральдi симметрияның ең жақсы суреттемесi болып РНҚ құрамдас темекi теңбiлi болып табылады. 2130 бiркелкi белок субъбiрлiктерi РНҚ мен қоса бүтiн жүйе – нуклеокапсидтi құрайды. Мысалы грипп вирусында нуклеокапсид қабықшамен қапталған.

Ең шынайы және қолайлы гипотеза болып вирустың “қашқын” нуклеин қышқылынан пайда болуы, яғни нуклеин қышқылының өзi шыққан клеткадан тәуелсiз репликациялануға қабiлеттенуi, бiрақ мұндай ДНҚ осы немесе басқа клеткаларды пайдалануымен (паразиттiк) репликацияланады. Сол себептен вирустар клеткалық организмдерден шыққан болу керек, және оларды клеткалық организмдердiң ата-тегi деп қарастыруға болмайды.

Бұл “өркендердi” қаншалық қарапайым екендiгiн бiлу тым қиын, бiрақ генетиканың жетiстiктерi, паразиттiк нуклеин қышқылдарының басқа түрлерiн вирус себепшi, соған қарамастан кейбiр гүл өсушiлер бұл қызғалдақтың ерекше сорты деп сатады. Өсiмдiк вирустары РНҚ-құрамдас вирустарға жатады.

Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары.

Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары бiрдей болғандықтан, бұл сұрақты бiрге қарастыру ыңғайлы.

Тамшылы инфекция – респираторлық аурулардың ең әдеттi таралу жолы (әдiсi). Жөтелу және түшкiру кезiнде ауаға миллиондаған кiшкентай сұйықтық тамшылары шашырайды. Iшiнде тiрi микроорганизмдерi бар бұл тамшыны, адамдар көп жиналған әсiресе ауа желдетiлмейтiн жерлерде жұтып алуы мүмкiн. Тамшылы инфекциядан сақтанудың гигиеналық тәсiлi-бет орамалдармен дұрыс пайдалану және бөлмелердi уақтылы желдетiп тұру.

Дата добавления: 2014-11-26 ; Просмотров: 2294 ; Нарушение авторских прав? ;

Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет

источник

Сабақтың мақсаты: туберкулез қоздырушыларыныңморфологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу, туберкулезды балау әдістерімен таныстыру.

1. Туберкулез ауруына сипаттама.

2. Туберкулез қоздырушыларының морфологиялық және биологиялық қасиеттері.

3. Туберкулез микобактерияларының патогендік қасиеттері және туберкулездің патогенезі.

4. Туберкулезға қарсы иммунитеттің ерекшелігі.

6. Туберкулезға қарсы шаралар

Туберкулез (Tuberculosis) — малдың көптеген түрлерінде, жабайы хайуандарда, құстарда, терісі бағалы аңдарда кездесетін созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған малдың органдарында ауруға тән бұдырмақтар (туберкулдар) пайда болады, олар сүзбе тәріздес ыдырауға (казеоз) бейім. Аурудың жасырың кезеңі 2-6 аптаға созылады. Ауру малдың сөл түйіндерінің ұлғаюымен басталады. Шап, желін үсті, мықым, алқым, жұтқыншақ сырты, құлық түбі, мойын, алдыңғы жаурын бездері шалдығады.

Қоздырушының жіктелуі:

Actinomycetales қатары Mycobacteriaceae тұқымдасы Mycobacterium туысыТүрлері

Mycobacterium tuberculosis -адамда Mycobacterium bovis –ірі қара малда Mycobacterium avium -құста Mycobacterium murium -тышканда

Mycobacterium poykilothermium –салқынқандыларда

Зардапты микобактерияларға алапес ауруының қоздырғышысы (M. leprae) және мүйізді ірі қараның паратуберкулез қаздырушысы да жатады (M. paratuberculosis).

Морфологиясы.Туберкулез қоздырушылары–жіңішке түзунемесе сәл иілген таяқша, шеттері имектелген, ұзындығы 0,8-5,5

мкм, ені 0,2-0,6 мкм.Морфологиясы тұрақты емес – бактериалдық сүзгіден өтетін түрлері, бұтақ тәрізділері және L-формалары табылған. Қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам әдісі бойынша нашар боялады. Жануардан алынған патологиялық материалда және өсінділерінен жасалған жағындыларда жеке-дара немесе шағын топ құрап (микроколониялар) орналасады

Туберкулездің қоздырушылары – қышқыл, спирт және сілтіге төзімді. Клетканың құрғақ затының 40% майлы (липидті) заттар құрайды. Оларға бейтарап майлар, стеарин, фосфатидтер, сульфатидтер кіреді. Құрамына фтиоид, микол, пальмитин, туберкулостеарин қышқылдары анықталған.

Патологиялық материалдан (ірің, қақырық, сүт, жатырдан аққан сұйық т.б.) жұғынды дайындап Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Боялған жұғындыда көкшіл фонда түзу немесе сәл иілген қызыл таяқшалар көрінеді, олар жеке-жеке және тобымен орналасқан. Таяқшамен қатар жұғындыдан кокктарды және тіпті қышқылға төзімді (қызыл) түйіршіктер көрінеді.

Микобактериялар тек қана аэробтық жағдайда элективтік қоректік ортада өседі (жұмыртқа ортасы, глицеринді сорпа немесе агар). Туберкулез таяқшасында майлы – балауызды элемент бар, сондықтан да ол сыртқы ортада және залалсыздандырғыштың әрекетіне төзімді келеді. Дезинфекциялық заттардан туберкулезге мыналарды қолданады: күкірт-карбол қышқылдарының 15 % қоспа ерітіндісі, натрий су тотығының 16 % ерітіндісі, формальдегидтің 3 % сілті ерітіндісі және т.б.

Негізгі патогенді факторы–корд-фактор(химиялық құрамыбойынша трегалозаның дисахаридінен және микол, миколин қышқылдарынан тұратын полимер), организмге улы әсер етеді және қоздырушыларды фагоцитоздан қорғайды.

Корд-фактор организмде келесі құбылыстарды тудырады:

n — Таза күйінде бөліп алған түрін ақ тышқандарға еккенде 1-2 аптадан соң гиперемия, демікпе тудырады. Аяғында жануарды өлімге ұшыратады.

n — Организмде лейкоциттердің зақымдалған ошақтарға жылжуын тежейді.

Микобактериялардың төзімділігібіршама.Олар кептіруге,

шіруге, температураға төзімді келеді, іріп –шіріген материалда 3-12 ай бойы, таза өсінділерде әдетте 8-10 айдан кейін тіршілігін жояды.

Ірі қара нәжісінде жағы жайылымда – 2айға дейін, қыста – 5 айға дейін, кейді оданда ұзақ сақталады. Қақырықта 5-6 ай тіршілігін жоймайды. M. аvium басқа микобактерияларға қарағанда төзімді болып келеді. Олар топырақта 17-18 ай, жарық жерде суда 7 ай, ал қараңғы жерде 18 ай сақталады. Ауыстырылмайтын қалың төсеніште 5 жылдан кейін тіршілігін жояды. M.bovis көңде 4 ай, сабан төсеніште 2-12 ай, суда 4-10 ай тіршілік ете алады.М. tuberculosis суда 5 айдан 10 айға дейін сақталады.

Сүтте, ірімшікте, майда және басқа мал шаруашылығы өнімдерде ұзақ уақыт сақталады. Қатырылған сүтпен қаймақта 120 күнде қырылады. Қатылырған балауса етте ұзақ сақталады, ал тұздалған етте – 1,5 ай.

Күн сәулесі және жоғары температура микобактерияларды қырып жібереді. 50ºС -12 сағаттан кейін, 60ºС – 1 сағаттан кейін, 70ºС – 10 минуттан кеін, 90ºС – 1 минуттан кейін, 100ºС – сол сәтте зарарсыздандырылады.

Туберкулез кезінде дезинфекциялау үшін хлоры бар препараттар неғұрлым күшті әсер етеді. Хлораминнің 3-5% ерітіндісі оларды қырып тастайды. Құрамында 5 % активті хлоры бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісі микобактерияларды 6 сағаттын ішінде, хлорлы йодтың 10% ерітіндісі 3 сағат ішінде жояды.

Антигендік құрылымы.Туберкулез микобактерияларантигендерінің протективті қаситтері микол қышқылымен қосылатынына байланысты. Антигені күрделі, мал организмінде әр түрлі антидене тудырады: антиполисахаридті-протеин-фосфатидті. Бірақ туберкулез ауруында түзілетін иммунитет стерилді емес. Организмді қорғайтын клеткалық иммунитет (Т-лимфоциттер). Тірі және өлі туберкулез таяқшалары гиперсезімталдықтың баяу түрін тудырады. Белоктарда ондай қасиет жоқ.

Туберкулездің патогенезі.Тыныс алу мүшелері арқылыорганизмге түскен микобактериялар қан және лимфа арқылы (лимфагематогенді таралу жолы) таралып, жергілікті лимфатүйіндерде жиналып қабыну процесін қоздырады – лимфангоит және лимфанденит. Сонан соң лимфа және қан арқылы өкпеге жетіп ұлпаларында (альвеолаларда) спецификалық гранулема

– туберкулдар пайда болады. Бұлар туберкулездің бірінші ошағы болып саналады. Организмнің төзімділігі жоғары болсагранулема сыртында кальцийге бай капсула пайда болады. Осындай бірінші ошақта микобактериялар көп жылдар бойы сақталады.

Патогендігі және жұғу жолдары. Туберкулезге үй және жабайыхайуандардың (55 – тен астам түрі) және құстардың 25-түрлері бейімді. Көбінесе туберкулезбен ірі қара мал, шошқа, күзен, құс, марал ауырады, сиректеу — ешкі, ит, үйрек және қаз: өте сирек – қой, жылқы және мысық ауырады.

Инфекцияның басты көзі, ол қоздырушыны бөлетін малдар (әдетте клиникалық белгілерімен). Табынның ауруға шалдығу дәрежесі ондағы ауру малдардың санымен байланысты. Малды қорада баққанда, ауру өршиді, демек малдардың тығыз жанасумен байланысты (алиментарлық және аэрогендік жұғу). Екінші бір көзі жайылымда ауру қоздырғышының болуы (алиментарлық жұғу), жайылымда жұқтырғыш күшті болса аз кезеңнің ішінде энзоотия мал басының 60 % қамтиды. Бұзауға аурудың көзі сүт. Жатырда жұқтыру сирек кездеседі.

Шошқа және құстарға негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Аурудың дамуына және ауырлығына азықтандыру жағдайы, күтімі және пайдаланулары үлкен әсер етеді. Мерзім эпизоотиялық процеске әсер етпейді, бірақ та мал қолда тұрғанда туберкулез жиі байқалады.

Туберкулезбен ауыратын адам малмен жанасқанда, ол қоздырғыштың адамдық түрімен ауырады.

Аурудың өтуі және симптомдары. Туберкулезде инкубациялықкезеңнің ұзақтығы 2-ден 6-жұма аралығында. Ауру созылмалы. Ауру айлап, жылдап созылады, ауру мал титығына жетіп арықтайды және өледі. Аурудың жіті түрі өте сирек кездеседі, онда да жас малдарда. Шартты активті немесе ашық, туберкулез, демек бактериялардың бронхиялдық шырыш, нәжіс немесе сүтпен сыртқа бөлінуі және жасырын туберкулез, бұнда бактериялар ошақта аулақтанған, демек сыртқа бөлінбейді.

Мүйізді ірі қарада негізінен өкпе зақымданады. Алғашқы белгілерінің бірі сиректеу құрғақ жөтел. Бірте-бірте бір жұма және тіпті айлар ішінде жөтел жиіленеді,ауырсынады,ылғалды. Салқын ауа,тозаң,қозғалыс жөтелге жол ашады. Процестің дамуына орай аускультациялағанда сырыл естіледі немесе везикулярлық демалыс нашарлайды. Кейде демалысы естілмейді. Аурудың ошағы көлемді келіп, үстіңгі жағында жатса (тауықтың жұмыртқасынан кем емес) перкуссиялағанда әлсіздеу ошақ білінеді. Демалысы қиындайды, оны жеңілдету үшін мал мойынын созады, жиі жөтелгеннен барлық денесі дірілдейді.

Ауру дамыған сайын тәбеті өзгермелі келеді. Мал бірте-бірте арықтайды, уланудан тышқақтауда бұған себеп болады. Әдетте өкпедегі процеске лимфа түйіндеріндегі өзгерістер ере жүреді. Олар үлкейген, бұдырмақ нығыз, кейде іріңді тесік пайда болады. Өкпедегі процесс асқынғанда кеңірдек және көмекей ауырады. Бұл кезде кеңірдек және көмекейді қысқанда ауырсынады және оған ұстамалы ауырсынатын жөтел қосылады. Жұтыну ауыртады және қиын. Ауырсынуду азайту үшін мал мойнын созады. Желіннің туберкулезінде, зақымдалған бөлігінде бірте-бірте қатты тығыз бұдырмақ пайда болады. Ауру бөлігі үлкейе бастайды. Бұнымен қатар желін үсті лимфа түйіндері өзгереді (олар үлкейген және бұдырмақ). Сүтте кенет өзгереді: сұйық, үлпегі бар, ал кейде ірің араласып көгереді. Жатырдың туберкулезі бедеулікпен сипатталады, жыныс органдарынан шырышты-ірің ағады, жатырдың қабырғасы қалыңдайды, кейде бұдырмақтар пайда болады, жыныс мүшелері зақымданған сиырлар күйлегіш келеді. Тері асты лимфа түйіндерінде өзгерістер болады, бұқаның ені ауырады (орхит).

Шошқаның туберкулезі мүйізді ірі қара немесе құс шаруашылықтарында туберкулез болса байқалады. Аурудың симптомы байқалмайды, алқым, жұтқыншақ, мойын лимфа түйіндерінің үлкейгендері байқалады. Өкпесі ауырса жөтеледі құсады, ішегі зақымданса іші өтеді, арықтайды.

Қой және ешкіде туберкулез сирек кездеседі. Егерде бола қалса аурудың клиникалық белгілері мүйізді ірі қаранікіне ұқсас.

Құста туберкулез жасырын түрінде өтеді. Тауық жиі ауырады, қаз, үйрек, күрке тауық сирек ауырады. Негізгі клиникалық белгілері: денесінің қызуы көтеріледі, жуасиды, көп қозғалмайды, арықтайды, жұмыртқалауы төмендейді, айдары және сақиналары бозарады, тыржиады, буындары іседі, ақсағандары байқалады.

Қымбат терілі аңдардан тубекулезбен күзен, сазқұндыз, түлкі ауырады. Көпшілігінде жастары ауырады. Ауру малдар демігеді, жөтеледі, лимфа түйіндері үлкейеді, іші өтеді, арықтайды.

Маңызды патанатомиялық белгілері: Ішін жарғанда өкпесінде қызыл – сұр сары түсті нығыз бұдырмақ. Өкпені тіліп қарағанда көлемі әрқалай өліеттенген ұлпаны ошағы табылады. Кейбір жағдайда бұл ошақтарда тас байланған, басқаларында ұлпалары іріңдеп қуыс пайда болған (тесік өкпе). Үлкен ошақтармен қатар көлемі кендір дәніндей сары-сұр түсті бұдырмақтар болады. Өкпенің зақымдалған бөлігіне жақын орналасқан плевраның тығыз келген

фиброзды түйіндерімен жабылған, олар гүл капустаға және полипке ұқсас. Бұндай фиброзды түйіндердің ортасында өліеттенген немесе тас байланған, шет жағы тығыз келген ақ-сұр түсті фиброзды ұлпадан тұрады, оны меруерт деп атайды. Кеуде қуысының лимфа түйіндері үлкейген, бұдырмақ, казеозды ошақтар бар. Осыған ұқсас процестер басқа лимфа түйіндерінде де байқалады. Өліеттенген туберкулез ошақтары бауыр, көк бауыр және бүйректерінде де кездеседі.

Диагноз қою әдістері Бактериологиялық зерттеу.Сүтқоректілерден зерттеу үшін

алынатын материал: лимфа түйіндері (жұтқыншақ, жақ астындағы, ауа тамырлары, аралық перде, шажырқайлы), илиоцекальды қосылыс және мықын ішек аумағында алынған лимфа түйіндерін бөлек салады. Одан басқа порталды жаурын алды, желін үсті, шаптың лимфа түйіндері және ішкі мүшелерін — өкпе, бүйрек, бауыр туберкулез өзгерістерін тапқанда, сутті зерттеуге жібереді. Құс туберкулезін анықтау үшін құстардың денесін түгелдей жеткізеді.

Микроскопиялық зерттеу. Материалда қышқылға төзімді микобактериялардың барын және ластану дәрежесін анықтау үшін бактериоскопиялвқ зерттеу жүргізеді. Әр бір мүшеден және лимфа түйіндерден материалды езіп екі жағындыдан дайындайды. Жағынданы ауада кептіріп, жалынға бекітіп Циль-Нильсен әдісімен бояйды.

Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу 1. Бекітілген препаратқа сүзгіш қағаздың тілімін салып, үстінен

Циль фуксинін құйып, спиртовкамен бу шыққанша қыздырады, сол күйінде бояуды 3-4 минутке қалдырады (5 минутқа дейін қалдыруға болады).

2. Қағазды алып 30 секунд бойына препаратты күкірт қышқылының 5%-ті ерітіндісімен түссіздендіреді.

4. Қосымша 3 минуттай уақыт Леффлер көгімен бояйды. 5. Сумен жуады, кептіреді.

Жағындады туберкулез микобактериялары өзіне тән морфологиясы – ұзын, жіңішке, сәл иілген қызыл түсті таяқша, жиі түйіршіктерді көруге болады. Олар жеке немесе топталып орналасады. Атипті микобактерияларды нағыз туберкулез қоздырушысынан ажырату қиынға түседі. Бірақ олар жиі жуан жіне түйіршіксіз болып келеді.

Бактериологиялық зерттеу.

Бактериологиялық зерттеу 1 мл сынамада 20-100 микобактерия болғанда оң нәтиже береді. Таза культураны бөліп алу үшін зардапты материалды алдын ала өңдейді.

Зардапты материалдың бір бөлігін (10 г) алып келіге стерильді кұм немесе ұсақталған шыны қосып езеді, езіндіге 3-6% күкірт қышқылын құяды немесе 5-10% қымықдың қышқыл ерітіндісін бір бөлік материалға төрт бөлік қышқыл мөлшерінде қосады. Содан соң 10-15 мин 3000 айн/мин центрифугада айналдырады. Жалпы қышқылдың әсер ету экспозициясы 30 мин аспау керек№ Центрифугаттың жоғарыдағы сұйығын төгеді. Тұңбасын 2-3 рет физиологиялық ерітіндімен центрифуга арқылы жуады. Осы даярланған материалды қоректік орталарға себінді жасайды және жағынды дайындап Циль-Нильсен әдісімен бояп микроскоппен зерттейді.

А.П.Аликаева әдісі.материалдың бір бөлігін(10г)келіге салып3-6% күкірт қышқылын құйып 10-20 минут бойы ұстайды. Келінің үстінен пергамент қағазбен жауып қояды. Содан кейін қышқылды төгіп тастап 2-3 рет физиологиялық ерітіндімен жуады. Материалдың бөлігін қайшымен ұсақтап, стерильды құм немесе шыны қосып аз мөлшерде физиологиялық ерітіндіде (1-1,5 мл) езеді. Езіндіден жағынды дайындайды және қоректік орталарға себінді жасайды.

Микобактерияларды өсіруге келесі орталар қолданылады; Левенштейн-Йенсеннің тығыз жұмыртқа қосылған ортасы, Гельберг, Петраньяни, ФАСТ-3Л, Финн-2 орталары. Себіндіні Пастер түтігімен немесе бактериалдық ілмекпен жасап адам және ірі қара мал туберкулезінің қоздурушыларын өсіру үшін 37-38°С, құс туберкулезінің микобактерияларын 42-45°С термостатқа қояды. Егер екі күнде ортаның түрі, түсі өзгерсе, себіндіні қайта жасайды. Содан үш ай бойы бақылайды.

Ірі қара мал туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium bovis

өсіндісі 10-60 күнде пайда болады; Mycobacterium tuberculosis – 20-

30 күнде, Mycobacterium avium – 10-20 күнде, ал атипті микобактерияларда 3-30 күнде байқалады.

Mycobacterium bovis-тіңколониялары20-60күн өткеннін соңұсақ, домалақ, сарғыш түсті, кедір-бұдыр тізбектер сирек кездеседі. Mycobacterium tuberculosis кедір-бұдыр,құрғақ тізбік түзеді.Құс

туберкулезінің қоздырушысы басқа туберкулез микобактерияларына қарағанда тез өседі. Тізбектері клегейлі сары немесе сұр түсті№ түйме тәрізді болып келеді.

Биологиялық зерттеу.

Биосынаманы микобактериялардың зерттейтін материалда бар-жоғын, туберкулез қоздырушылардың зардаптылық қаситеттерін және оларды ажырату үшін жүргізеді. Зерттеу үшін алынатын үш қоян, үш теңіз тышқанына ППД-туберкулинмен, үш тауыққа құстардың туберкулинімен аллегиялық сынама қойылады. Реакцияны 24-48 сағаттан соң бақылайды. Биосынама қою үшін теріс нәтиже берген жануарларды пайдаланады. Зерттелетін материалдың 1 г 1 мл физиологиялық ерітіндіде езіп қоймалжын дайындайды. Теңіз тышқанына – шабының тері астына, , қоянның – құлағының тамырына, тауыққа ө қанатының астындағы көк тамырына егеді. Бақылау үш ай бойы жүргізіледі. Туберкулез дами бастаған теңіз тышқандарының материал егілген жерінде 14-30 күннен кейін терісі ісіп, тығыздалып, содан соң жара пайда болады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаяды. Жануар арықтап салмағын жоғалтады. 30 күннен кейін туберкулинмен аллергиялық сынама құйылады. Осын сынама оң нәтиже бергенде және аурудың клиникалық белгілері байқалғанда жанурдың біреун сойып, патологиялық анатомиялық зерттеу жүргізеді. Ішкі мүшелерінде айқын белгілері табылмаған жағдайда басқа екі теңіз тышқандарды бақылау жалғастырады. Үш айдан соң қолған жануарларды сойып бактериоскопиялық зерттеу нәтижесінде қорытынды жасалады. Тәжірибеге алынған зертханалық жануарлардың басқа түрлері де осы әдіспен зерттеледі.

Микобактериялардың түрін анықтаған кезде келесі мәліметті ескеру қажет: теңіз тышқаны мен қоянда жалпылама (генерализденген) процесс байқалғанда — ірі қара малдың туберкулез қоздырушысы болып саналады; өзгерістер болмағанда немесе қоян өкпесінде бірең-сараң типтік ошақтар табылып және теңіз тышқанында генерализденген процесс байқалғанда – бұл адам туберкулезінің қоздырушысы болып есептеледі.

Ажыратып балау. Туберкулезге балауды эпизоотологиялықмәліметтерге, клиникалық, патанатомиялық, аллергиялық және зертханалық зерттеулердің қорытындыларын ескере отырып қояды.

Құбылмалы температура, әлсіздігі, тәбетінің өзгерушілігі, бірте-бірте арықтауы, өкпе жағынан өзгерістердің күшеюінің (жөтел, демалысының қиындауы, әсіресе бұлшық етке түскен болар – болмас

ауырлықтан) кейбір балаулық маңызы бар. Сондай – ақ алқым, жауырын алды, мойын, шап, желін үсті лимфа түйіндерінің үлкеюі, қатаюы және бет жақтарының бұдырмақтануында ауруды анықтауда көп септігі тиеді.

Туберкулезге тірідей балауды аллергиялық зерттеумен қояды. Ол үшін туберкулин (аллерген) ді пайдаланады- ол туберкулез қоздырғышының өлтірілген өсіндісінің стерилді сүзіндісі. Туберкулиннің екі түрін қолданады: тазаланған құрғақ туберкулин (ППД) сүтқоректілер үшін және тазаланған құрғақ туберкулин (ППД) құстар үшін. Туберкулинді пайдалану нұсқауы бойынша қолданады. Қазігі кезде көзге туберкулин сынамасы және тері ішіне енгізу әдісі қолданылады.

Соңғы жылдары жаңа әдістер енгізіле бастады.ИФА (иммунды ферментті анализ)және ПЦР (полимеразды центтік реакция).

Батериологиялық зерттеумен (қақырық,сүт, жатырдан аққан нәрсе, ірің т.б.) аурудың қоздырғышын анықтайды.

Туберкулезге патанатомиялық балау қойғанда өкпеде ұсақ бұдырмақтар, туберкулез: казеоз ошағы және өкпеде кеуек, сірі қабықтарында, әсіресе плеврада меруерттену. Сондай-ақ кеңірдек, көмекей немесе ішектің кілегей қабықтарында бұдырмақтар және желін лимфа түйіндерінде казеозды процестің болуының маңызы зор. Әйтсе де бұндай патанатомиялық өзгерістер сирек кездеседі, демек ауру малды, аурудың бастамасында сойып тастайды, дегенмен туберкулезбен ауырған малдың өкпесі және лимфа түйініндегі өзгерістер бастапқы кезеңінде кездеседі.

Көпшілік малдарда өкпе туберкулезі байқалады, сондықтан оны өкпесі зақымданатын басқа аурулардан ажырату абзал. Бұндай ауруларға: туберкулез (өкпе формасы), патереллез (көкірек формасы) және алаөкпе.

Негізгі емдік және профилактикалық шаралар.

Ауру малды емдемейді, сояды. Аң фермаларында аурудың алдын алу үшін күзендерге тубазид (изаниазид) қолданады.

Туберкулезде иммунитет стерильді емес, демек микабактериялар организмде болғанда ғана сақталады.

Фагоцитоз аяқталмай және фагоциттелген микобактериялар өлмейді. Организмнің қабілеттілігі патологиялық процесті шоғырландырып, гранулема – туберкулдің ішінде ауру қоздырғышының өсіп-өнуін тежейді.

Мүйізді ірі қараның туберкулезінің алдын алу үшін арнайы Кальмет және Терен 1924 жылы дайындаған БЦЖ вакцинасын қолданады.

Туберкулездің алдын алу (профилактикалық) шаралары шаруашылыққа аурудың қоздырғышының сырт жерден енуіне жол бермеу, ауру малды анықтау жүйелі түрде зерттеу жүргізу, ауру малдарды уақытымен сойып, сау малдарды қорғап және адамдарды туберкулезден сақтау үшін кешенді вет-санитариялық шараларды қолдануға негізделген.

Бақылау cұpaқтapы:

1. Малда және адамда туберкулез тудыратын қоздырушыларды атаңыз?

2. Туберкулез қоздырушылары қандай морфологиялық ерекшеліктермен сипатталады?

3. Туберкулез микобактерияларды зерттеу үшін жағындыны қандай әдіспен бояйды?

4. Туберкулез қоздырушысының сырқы ортада төзімділігі

5. Туберкулез қоздырушысының дезинфекциялық ерітінділерге сезімталдығы қандай?

6. Туберкулез микобактерияларын өсіру үшін қандай жағдай және қоректік орталар қажет?

7. Микобактериялардың L-формалары деген не?

8. Микобактериялардың атипті түрлері қандай қасиеттермен сипатталады?

9. Зерханалық балау үшін қандай материал зерттеуге алынады?

10. Микобактериялардың таза өсіндісін алу әдістерін сипаттаңыз?

11. Туберкулездің негізгі балау әдістері?

12. Туберкулез кезіндегі пайда болатын иммунитеттің

13. Туберкулезды алдын-алу үшін вакцина бар ма?

Тест сұрақтары:

1.Әрі қара мал туберкулезінің қоздырушысы?

D) Mycobacterium tuberculosis

2. Құс туберкулезінің қоздырушысы? A) Salmonella dublin

B) Mycobacterium bovis C) Mycobacterium murium D) Mycobacterius avium E) Pasteurella multocida

3. Адам туберкулезінің қоздырушысы? A) Bacillus anthracis

B) Mycobacterium tuberculosis C) Brucella ovis

D) Mycobacterium murium E) Escherichia coli

4. Кемірушілер туберкулезінің қоздырушысы? A. Pasteurella multocida

B) Mycobacterium murium C) Bacillus anthracis

D) Mycobacterium tuberculosis E) Escherichia coli

5. Микобактериялардың тыныс алу бойынша қандай топқа жатады?

С) Факультативті анаэроб Д) Микроаэрофил Е) Факультативті аэроб

6. Спора, капсула (қауашақ) түземе?

А) Спора түзеді В) Капсула түзеді

С) Спора, капсула түзеді Д) Спора, капсула түзбейді Е) Спора түзбейді

7. Талшықтары бар ма? А) Монотрих В) Перитрих С) Лофотрих Д) Амфитрих Е) Жоқ

8.Қоздырушының сыртқы пішіні? А) Шар тәрізді В) Таяқша тәрізді С) Ирек тәрізді Д) Жепше тәрізді Е) Иілген таяқша

9.Жануарлардың қандай ішкі мүшелерінде өзгерістер жиі байқалады?

А) бауырда В) ішекте С) өкпеде

10.Тірі малда туберкілезді балау әдістері? А) Серологиялық

B) Бактериологиялық С) Аллергиялық

D) Вирусологиялық Е) Биохимиялық

11.Қандай аллерген пайдаланады? А) Бруциллин В) БЦЖ С) Туберкулин

12.Туберкулезді қандай аурулардан ажырату қажет? А) Бруцеллез В) Сальмонеллез С) Сібір жарасы

Д) Пастереллездің өкпелік түрі Е) Эшерихиоз

13.Туберкулезға қарсы қолданатын вакцина? А) СТИ В) БЦЖ

19 сурет. Байытылған қоректік ортада өсірілген культурадан жасалған жағынды: жіпшелер (сол жақта) и шоғырлар(оң жақта)

20 сурет. Туберкулез қоздырушылары қақырықтан жасалған жағындыда. Циль-Нильсен әдісімен боялған.

21 сурет. Туберкулез қоздырушыларының топтасып орналасуы.

22 сурет. Туберкулез қоздырушының морфологиясы (Циль-Нильсон әдісімен боялған жағынды)

23 сурет. Микобактериялардың өсінділік қасиеттері Микобактериялардың Левенштейн-Йенсен ортасында өсуі:

а –Mycobacteriumtuberculosis; б,в – фотохромды микобактериялар

24 сурет. Өкпе туберкулезі.

а – өкпелік бастапқы туберкулездық кешең (патологиялық ошақтар өкпе және жергілікті лимфатүйіндерде); б – өкпенің миллиарлы туберкулезі; в – өкпенің фиброзды ошақты туберкулезі.

Дата добавления: 2017-01-28 ; просмотров: 1798 | Нарушение авторских прав

источник

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген. [1] [2]

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

II Йазид

Йазид ибн Абд әл-Мәлік немесе II Йазид (шамамен 685/687 — 27 қаңтар 724) — умәйя әулетінің 720—724 жылдары билік құрған халифі.

II Йазид билікке II Омардың өлімінен кейін 720 жылдың 4 ақпанында келді. Бұл кезде халифат әскері II Омардың тұсында келіссөз жүргізуге тырысқан харижиліктермен соғыс үстінде еді.

721 жылдың шілде айында Йазид халифат территориясындағы барлық көркемөнер сурет туындыларын жоюға бұйрық береді. Бұл бұйрықтың орындалуы оның інісі Маслама ибн Абд әл-Мәлік қадағалап отырды. Ислам адам және жануарлар суретін, әсіресе икона немесе идолдардың мүсіндеріне ұқсайтын суреттерді харам деп санайды, сондықтан олардың жойылуы Шариат заңдарына сәйкес жүргізілді. Археологиялық мәліметтерге сәйкес бұл кезде көптеген христиан шіркеулері зардап шекті, алайда бұйрық бойынша тек христиандықтардың ғана емес басқа да дін Құдайларының суреттін жоюды көздеген. Бұйрық II Йазидтің ұлы II Уәлидтің тұсында ғана жойылды.

II Йазид туберкулез дертінен қайтыс болады.

Сэр Александр Флеминг (ағылш. Sir Alexander Fleming, 6 тамыз 1881, Дарвел (ағыл.)қаз. — 11 наурыз 1955, Лондон) — британдық бактериолог. Лизоцимді (адам ағзасында өндірілген бактерияға қарсы фермент) және бірінші рет Penicillium notatum зең саңырауқұлақтарынан пенициллинді — тарихи алғашқы антибиотикті бөліп алған.

Екі жаңалық та, 1920-ші жылдары және көп дәрежеде кездейсоқ болған. Бірде, Флеминг суық тигізіп алған кезде, ол Петри тостағанына мұрнынан шырышын егеді, шырышта бактериялар болған, және бірнеше күннен кейін шырыш қолданылған жерлерде, бактериялар жойылғанын байқаған. Лизоцим туралы бірінші мақала1922 жылы шықты.

Флемингтың зертханасында бейберекеттілік бір рет оған пайдасын тиігізді. 1928 жылы Staphylococcus aureus бактериялары бар Петри кеселеріндегі агарда саңырауқұлақтар колониясы өсіп шыққанын тапқан. Зең айналасында бактериялардың отарлары жасушаларының бұзылуына байланысты мөлдір түстес болған. Флемингу бактериялық жасушаларды жоятын белсенді затты бөліп алып үлгереді, — бұл пенициллин болатын, жұмыс 1929 жылы жарияланды.

Флеминг дәрі алу өте қиын санап, өзінің ашқанын бағаламаған. Оның жұмысын Говард Флори және Эрнст Борис Чейн жалғастырды, олар пенициллинді тазартатын әдісті әзірленді. Пенициллин жаппай өндірісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрылды.

1945 жылы Флеминг, Флори және Чейн Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.

1999 жылы, «Тайм» журналы Флемингті пенициллинді ашқаны үшін ХХ ғасырдың жүз ең маңызды адамдарына жатқызды және айтты:

«Бұл жаңалық тарих барысын өзгертетін болады. Флеминг пенициллин деп аталатын зат, инфекцияға қарсы өте белсенді құрал.»

Осы қосылыстар мүмкіндігі бағаланған соң, пенициллин бактериялық инфекциялар емдеуде кез келген әдістердің ажырамас бөлігіне айналды.

Ғасырдың ортасына, Флеминтың ашқан зат фармацевтикалық өнімдерді өндіруге кең жолға қойылды, оның жасанды синтезі жүзеге асырыла бастады, сифилис, гангрена және туберкулез сияқты ежелгі аурулардың көпшілігін жеңуге көмектесті.

Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Доссор — Атырау облысының Мақат ауданындағы кент, темір жол стансасы, Доссор кенттік әкімдігінің орталығы. Аудан орталығы — Мақат кентінен батысқа қарай 28 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы шөлдік белдемде, Дос атты сордың шетінде орналасқан.

Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жөтел өкпе қабынуы, туберкулез, тыныс жолының (көмекей, кеңірдек, т. б.) қабынуы кезінде, сондай-ақ тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, темекі түтіні енгенде, суға шашалғанда, негізінен, тыныс органдарының ішкі қабатына орналасқан сезімтал жүйке талшықтарының тітіркенуінен болады. Жөтел кезінде тыныс жолдарына жиналған қақырық сыртқа шығады. Қақырықты және қақырықсыз (құрғақ) Жөтел болады. Жиі және қатты Жөтел кезінде кеудеге шаншу қадалып, адамның тынысы тарылуы, ұйықтай алмауы мүмкін. Фарингит, трахеит, ларингит аурулары кезінде қақырықсыз Жөтел, бронхит, пневмониямен ауырғандарда қақырықты Жөтел болады. Жөтелді тоқтату үшін алдымен соған себеп болған негізгі ауруды емдейді және оны тоқтауға көмектесетін дәрі-дәрмек беріледі.

Басқа мағыналар үшін Зайсан деген бетті қараңыз.

Зайсан — Шығыс Қазақстан облысындағы қала, Зайсан ауданының орталығы.

Канада (ағылш. Canada [ˈkænədə] тыңдау; фр. Canada [kanadɑ] тыңдау) — Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.

Медицина (лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады.

Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi.

Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.

Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын.

Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi.

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады.

Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан.

Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.

Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) — тірі организмдегі жасуша мен ұлпалардың өлуі. Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді. Күшәла пастасымен пульпитті емдегенде жақ сүйектерінің некрозы кездеседі. 6. А.И. Струков, В.В. Серов. Патологическая анатомия. — Мәскеу, Россия, 1995.

Жарақаттанудан (үсу, күю), жүйкенің жаншылуынан, уланудан, туберкулез, мерез, бөртпе, сүзек аурулары салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай-ақ гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады. Өлі еттенген органдардың ұлпалары мен жасушаларының қан айналысы, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жасуша аралық заттары өзгереді. Мұның салдарынан қоректік заттардың келуі азайып, тіршілік әрекеті кемиді. Сөйтіп, орган не ұлпа жасушаларының ядросы мен цитоплазмасы бүрісіп кішірейеді. Өлі ет көбінесе ұзаққа созылған аурудан әлсіреген адамдарда жиі кездеседі. Мұндайда кез — келген жердің, әсіресе жамбас ұлпалары өлі еттенуі мүмкін. Кейде өлі ет органға инфекция түсіп, іріңдейді. Оның емі, шіріген ұлпаға хирургиялық операция жасайды, антибиотиктер, организмді әлдендіретін, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу.

Педиатрия (грек. paіdos — бала және іatreіa — емдеу) — медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.

19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У.Кадоган, Г.Армстронг, т.б. болды.

19 ғасырдың аяғында Парижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатры А.Н. Тольский (1832 — 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. Қазақстанда Педиатриялық зерттеулерді A.И. Авенирова бастады.

1933 жылы оның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез,безгек, күл, полиомиелит, т.б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады.

Генрих Герман Роберт Кох (нем. Heinrich Hermann Robert Koch; 11 желтоқсан 1843, Клаусталь-Целлерфельд — 27 мамыр 1910, Баден-Баден) — неміс микробиолог. жамандат бацилласын, вибрион тырысқағын және туберкулез таяқшасын ашты. Туберкулезді зерттегені үшін 1905 жылғы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.

Тайынша – Қазақстандағы қала (1960 жылдан). Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының әкімшілік орталығы (1932 жылдан), темір жол торабы.

Фтизиатрия (грек. phthіsіs — титықтап арықтау, көксау және іatreіa — емдеу) — туберкулез ауруы және оны емдеу, одан арылу шаралары жөніндегі ғылым; клиникалық медицинаның бір бөлімі. Фтизиатрияның ғылым ретінде қалыптасып, дамуына неміс микробиологы Р.Кохтың (1843 — 1910) туберкулез қоздырғышын (“Кох таяқшасы”) ашуы шешуші рөл атқарды (1882). Фтизиатрия Қазақстанда 20 ғасырдың 20-жылдарында зерттеле бастады, жүйелі зерттеулер 1932 жылдан бастап жүргізіледі. Қазір осы бағыттағы ғылыми-зерттеулік жұмыстарын республика бойынша үйлестіріп отыратын мекеме — Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы, бұл мәселемен, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының, Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының туберкулез кафедралары, Хирургия ғылыми орталығының торакалды хирургия бөлімі шұғылданады.

Қазақстанда күнделікті дәрігерлік жұмыста туберкулезді емдеудің терапиялық, хирургиялық әдістері қолданылады. Туберкулез эндемиясын алдын ала болжау, халыққа ұдайы Фтизиатриялық көмек көрсетіп отыру мәселелері өз шешімін тапты. Бала туберкулезін анықтаудың рентген флюорогафиялық әдісі жетілдіріліп, дерттің эпидемиологиясы, клиникасы мен сақтану жолдары жөніндегі зерттеулер одан әрі дамытылды. Малдан (ірі қарадан) адамға туберкулез жұғатыны (әсіресе ауылдық жерлерде), ауруға шалдығудың трансмиссивтік жолы да бар екені анықталды. Туберкулез мәселелерімен айналысатын мекемелердегі ауру адамдар санын анықтау үшін автоматтандырылған есептеу жүйесі қолданылады. Туберкулез эпидемиологиясы патологиялық процестердің ауыр-жеңілдігіне, республиканың әр жерінде тұратын тұрғындардың жасы мен тұрмыс жағдайына байланыстырыла зерттелуде. Республика бойынша туберкулезге қарсы 53 диспансер, туберкулез емдейтін 72 аурухана, туберкулезге қарсы 31 санаторий, 116 тубкабинеттер және орталығы аудандық ауруханаларда туберкулезден емдейтін 30 бөлімше жұмыс істейді (2006). Туберкулезбен ауыратын адамдар үшін 14700 төсек-орын (оның 465-і Туберкулез мәселелері ұлттық орт-нда) қамтамасыз етілген. Жылына 45 мыңнан астам ауру адам ем қабылдайды. 2003 — 2006 ж. Фтизиатрия саласындағы республика ғалымдары 66 авт. куәлікке ие болды. Қазір Фтизиатрия ғылымының дамуына үлкен үлес қосып жүрген белгілі ғалымдар: медициналық ғылыми докторлары Ш.Исмаилов, Г.Хауодамова, Р.Ағзамова, Е.Белова, С.Шаймерденов, т.б.

Қақырық — өкпеден және тыныс алу жолдарынан шығатын, кілегейлі немесе іріңді бөліністер. Туберкулез ауруын аныктауда зерттелетін негізгі патологиялық материал (мәдизат).

Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.

Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан.

Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.

Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды.

Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды.

Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді.

Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геология басқармасы мен оның орталық лабораториясы, А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, облыс тарихи және геология музей, гидрометеорология бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, облыстық драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (облысы және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиникалық ауруханалары, облыстық және қалалық емханалар, онкология, туберкулез, психиатриялық, венерология диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 акушерлік пункт, 131 дәріхана, облыстық радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Қызылша (лат. Morbilli) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел.

Ауру уақыт өткен сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін.

2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек.

Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680’120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, ақуыз, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б.

Өкпе омыртқалалардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда, қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтар жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан да оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.

источник