Меню Рубрики

Туберкулез ауруына қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі

Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгісiнiң және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 922 қаулысы. Күші жойылды — ҚР Үкіметінің 2005.02.03. N 99 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгiсiнiң (бұдан әрi — ЖҚТБ) және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi — Кеңес) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі
N 922 қаулысымен
бекiтiлген

Әйтiмова — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Бiрғаным Сарықызы орынбасары, төрайым

Досаев — Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрi, төрайымның орынбасары

Ерасылова — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Исидора Бекмұхамедқызы министрлiгiнiң «ЖҚТБ-ның алдын алу және
оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық
орталығы» мемлекеттiк мекемесiнiң бас
директоры, хатшы

Әбусейiтов — Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi

Белоног — Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау вице-министрi

Диқанбаева — Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi

Досжан — Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы вице-министрі

Тасболатов — Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы министрінің орынбасары

Өскiмбаев — Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қажымұрат Бейiсұлы вице-министрi

Исаев — Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Әшiтов — Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлуметтiк қорғау вице-министрi

Бекбосынов — Қазақстан Республикасының Әдiлет
Сабыржан Мәдиұлы вице-министрi

Ойнаров — Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрi

Шәмшидинова — Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Күләш Ноғатайқызы ғылым вице-министрi

Қанағатов — Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының
орынбасары

Асқаров — Қазақстан Республикасы Денсаулық
Альберт Мұхтарұлы сақтау министрлiгінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының орынбасары

Қожымратов — Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылбек Әубакiрұлы шаруашылығы министрлiгi ветеринария
департаментінiң директоры

Рақышев — Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ғалымжан Боранқұлұлы сақтау министрлiгi «Қазақстан
Республикасының туберкулез проблемалары
ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесiнiң
директоры

Косухин — ББҰ-ның АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша Бiрiккен
Александр Борисович бағдарламасының ұлттық кеңесшiсi
(келiсiм бойынша)

Исманқұлова Гүлнара — Дүниежүзілiк денсаулық сақтау ұйымының
Қазақстан Республикасындағы үйлестiру
және байланыс жөнiндегi бюросының
жетекшiсi (келiсiм бойынша)

Шарман Алмаз — Американың халықаралық даму жөнiндегi
агенттiгінiң жұқпалы аурулар бойынша
кеңесшiсi (келiсiм бойынша)

Сиврюкова — Қазақстанның Yкiметтiк емес ұйымдары
Валентина Андреевна конфедерациясының президентi (келiсiм
бойынша)

Тұрмағамбетова — Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау
Жемiс Өтегенқызы жөнiндегi Қазақстандық халықаралық бюросы
директорының орынбасары

Аманжолов Нұралы — «Шапағат» АҚТҚ табылған және олардың
жақындарын қолдау қоғамдық қайырымдылық
қорының президентi (келiсiм бойынша)

Хамитов — «Испат-Кармет» ашық акционерлiк
Мықты Хамитұлы қоғамының қызметкерлер жөнiндегi бас
менеджерi (келiсiм бойынша).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі
N 922 қаулысымен
бекiтiлген

ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға
қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже

1. ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi — Кеңес) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының аумағында АҚТҚ/ЖҚТБ мен туберкулез таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды өткiзудегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. Кеңестiң құрамына мүдделi орталық атқарушы органдардың, халықаралық және басқа ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiнде жетiлдiру;
2) АҚТҚ/ЖҚТБ мен туберкулез таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды өткiзу мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру әрi халықаралық және басқа ұйымдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
3) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездiң алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша негiзгi бағыттарды анықтау;
4) ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес бойынша Ғаламдық Қормен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар жасау болып табылады.
5. Кеңестiң негiзгі функциялары:
1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгінде жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарау;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы іс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуын талдау;
3) мемлекеттiк органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулез мәселелерi жөнiнде халықаралық және басқа да ұйымдармен бiрлескен жұмысын қамтамасыз ету;
4) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның және туберкулездің алдын алу жөнiндегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-шараларын жетiлдiру жөнiндегi мәселелердi қарау;
5) ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегi Ғаламдық Қорға гранттық қаражат алуға өтiнiмдер берудi үйлестіру болып табылады.
6. Кеңестiң өз мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) Кеңестiң отырыстарында Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
3) ЖҚТБ-ға және туберкулез iндетiне қарсы iс-қимыл бойынша iс-шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға байланыста өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

7. Кеңесті оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарға төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басшылық етедi. Төраға болмаған уақытта, оның функциясын орынбасар атқарады.
8. Кеңестің хатшысы отырыстың күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар мен оны өткiзу үшiн материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
9. Кеңестің отырысы хаттамамен ресімделеді.
10. Шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер ол үшін Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
11. Кеңестің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі
N 922 қаулысына
қосымша

1. «Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестіру кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1084 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 322-құжат).

2. «Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 шілдедегi N 647 қаулысы .

3. «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысы 1-тармағының бiрiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 1290 қаулысы .

5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 614 қаулысы .

6. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 3 сәуiрдегi N 397 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 98-құжат).

7. «ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегi Ғаламдық Қормен жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 1037 қаулысы .

8. «Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 сәуiрдегi N 317 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 15, 151-құжат).

9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1084 және 1998 жылғы 7 шiлдедегi N 647 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 468 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 212-құжат).

10. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 935 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 379-құжат).

11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 шілдедегi N 647 және 2003 жылғы 2 сәуiрдегi N 317 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 ақпандағы N 212 қаулысы .

источник

Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы

«Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы
күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға
арналған Аймақтық бағдарламасы туралы»
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы
31 наурыздағы N 4/49 шешімімен бекітілген

МАҢFЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРFА АРНАЛFАН АЙМАҚТЫҚ БАFДАРЛАМАСЫ

Атауы Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы күресті
күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасы

Әзірленім үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
негіздеме Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын
жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар
туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығы
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Қазақстан Республикасында халықты
туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы»
1998 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысы

Негізгі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
әзірлеушілер

Мақсаты Бағдарламаның мақсаты — туберкулезбен ауыру
және одан өлу көрсеткіштерін төмендете отырып,
эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру

Міндеттері Туберкулезге қарсы күрестің басымдылығын
қолдау. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін
мекемелердің материалдық-техникалық базасын
нығайту. Бастапқы медициналық санитарлық
емдеу-сауықтыру және алдын-алу іс-шараларын
ұйымдастыру. Туберкулезге қарсы қызметті басқа
ведомстволармен және министрліктермен
сабақтастыру. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі (бұдан әрі-Әділет министрлігінің
еңбекпен түзеу қызметі комитеті), Ішкі істер
министрлігі, Қорғаныс министрлігі жүйелеріндегі
ауруларды есепке ала отырып, анықтаудың
тиімділігіне мониторинг жүргізуді, емдеуді және
байқауды жетілдіру. Туберкулезбен ауыратындар
мен туберкулезге қарсы күрес мекемелеріндегі
медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

Қаржыландыру Облыстық, қалалық, аудандық бюджеттердің
көздері қаражаттары және Қазақстан Республикасының
заңнамаларына қайшы келмейтін қаражаттар

Күтілетін Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды
нәтижелер тұрақтандыру, ауыруды азайту, тұрғындардың
денсаулық индексінің көтерілуі

Іске асыру 2004-2006 жылдары
мерзімі

Туберкулез — елдің әлеуметтік, экономикалық даму деңгейіне тәуелді ауру. Соңғы жылдардағы экономикалық жүйедегі құлдыраушылық туберкулезбен ауыру көрсеткіштеріне өз әсерін тигізді.
Республикамыздың » Қазақстан-2030 » даму Стратегиясы мемлекетіміздің азаматтарының денсаулығы мен тұрмысын ұзақ мерзімді негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындайды.
2003 жылғы 15 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығында толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің N 1016 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күресті күшейтуге бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарлама жасақтау белгіленген.
Туберкулез — тұрғындардың еңбекке қабілетті бөлігін қауқарсыздыққа және мезгілсіз өлімге душар етіп, орны толмас материалдық шығынға ұшырататын әлеуметтік және медициналық маңызы бар проблема болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді адамзат үшін ғаламдық қатер деп жариялап, барлық елдердің үкіметтерін осы проблеманы шешу үшін шұғыл қабылдауға шақырды, себебі бірде-бір ел өз халқының денсаулығына туберкулез эпидемиясының қауіптілігін жоққа шығармайды.
Біздің еліміз бастан өткерген әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңі туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасы мен көлеміне өз әсерін тигізді.
1992 жылмен салыстырғанда 1998 жылы осы аурудан көз жұмғандар саны 3,3 есеге, ал сырқаттану көрсеткіші 1,8 есе артып кетті.
Елімізде осы аурудың өрістеуін тоқтату үшін батыл да шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Қазақстан ТМД-дағы туберкулезбен күрестің жаңа әдістерін қолға алған алғашқы елдердің бірі болып табылады.
1998 жылы DOTS стратегиясын енгізу көзделген туберкулезге қарсы қызметтің жаңа реформасы басталды. Республиканың жағдайына сәйкестендірілмей енгізілген бұл емдеу стратегиясы — туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын ауруларды диспансерлік есептен шығару, емделуі аяқталмаған ауруларды стационардан амбулаториялық емге жіберу, ауруларды бақылаудың босаңсуы сияқты келеңсіздіктерге соқтырды. Бұл жайт туберкулезбен күрестің алдағы тактикасы өзгертуді қажет етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымымен келісе отырып, 2001 жылдан бастап, DOTS- стратегиясын Қазақстан жағдайына бейімдеу жолға қойылды. Туберкулездің барлық түрлерін емдеуге қажетті дәрі-дәрмекті республикалық бюджет есебінен орталықтандырылған түрде сатып алу мәселесі шешілді. Халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, денсаулық сақтау басшыларын, туберкулезге қарсы қызметтің, жалпы емдеу желісінің, санитарлық-эпидемиологиялық және ведомстволық қызметтің мамандарын DOTS стратегиясының ұстанымдарына оқыту жұмыстары жүргізіліп, қазір де жалғасуда.
Туберкулезді емдеу-сауықтыру мекемелері мен жалпы емдеу желілері жоғары сападағы бинокулярды микроскоптармен, індеттің жұқпалы түрлерін дер кезінде анықтайтын реактив, материалдармен қамтамасыз етілді. Облыстық және аймақтық туберкулезге қарсы диспансерлердің бактериологиялық зертханаларының материалдық-техникалық базасы жақсартылды, олардың қазіргі заманғы лабораториялық жабдықтарымен қамтылуы ауруды анықтауды, зерттеуді, олардың ем-домын нақтылауды жеңілдетті.
Туберкулез ауруларының амбулаториялық кезеңіндегі емделуін қамтамасыз ету үшін отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың, дербес қалалық және кенттік емханалардың штатына 678 химизатор қызметке енгізілді.
ТМД-дағы жалғыз Ұлттық Орталықтағы референс-зертхана Германияда сапалық бақылау — тексеруден өтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы оны бактериологиялық зерттеулер сапасын бақылау жөніндегі халықаралық зертханалар Реестріне енгізуге ұсыныс жасады.
Туберкулезбен ауыратындарды есепке алу және емдеуді қадағалау үшін Республикамызда «Туберкулез сырқаттарының Ұлттық регистрі» атты компьютерлік бағдарламасы енгізілуде.
Қазақстан Республикасында ауру қарқынының алғаш рет 1998 жылғы 30,1 пайыздан 2002 жылы 1,2 пайызға дейін төмендегені байқалды.
2002 жылы 1999 жылмен салыстырғанда балалар арасында ауыру беталысы 100 мың тұрғынға шаққанда 57,6-дан 43,3-ке дейін яғни 24,5 пайызға төмендеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының бағытында туберкулезге қарсы шараларының тиімділігін көрсететін бір өлшем — адам өлімінің саны. Бұл көрсеткіш әр 100 мың адамға шаққанда 1998 жылғы 38,4-тен 2002 жылы 24,2 дейін төмендеді.
Әлемдік медицинадағы жаңа лепке, жарқын бастамаларға ілесуі жөнінен Қазақстанның халықаралық беделі нығая түсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының туберкулездің ғаламдық проблемалары жөніндегі бас сарапшысы доктор Марио Равильонидің бағалауынша Қазақстанда туберкулезге қарсы күрестің тиісті бағдарламалары белсенді түрде енгізіліп келеді.

2. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды талдау

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы төмендегідей екі негізгі мақсатқа жетуді жоспарлаған:
туберкулездің ашық түрімен ауыратын аурулардың 70 пайызын дер кезінде анықтауды қамтамасыз ету;
оның 85 пайызын емдеуге қол жеткізу.
Осы бағдарламаны бағдарламаны жүзеге асыру арқылы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай 2004 жылы тұрақталып, 2006 жылдан ары қарай жақсара түседі деп күтілуде.
2000 жылдың өзінде-ақ DOTS жүйесіне жер бетіндегі тұрғындардың 55 пайызы қамтылып, 148 елде енгізілді. Соған қарамастан, денсаулық сақтау қызметінің осы жүйеде денсаулық сақтау қызметінің жетілмегендігі салдарынан жер шарында алғаш ауырған науқастардың 27 пайызы ғана толық емделген. Осыған қарап, алға қойылған мақсаттарды жуық арада жүзеге асырудың мүмкін еместігі көрінеді.
Туберкулез — тек қана денсаулық сақтау жүйесіне ғана емес, ол ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық деңгейіне де байланысты дерт.
Маңғыстау облысы эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз аймақ санатында. 2002 жыл қорытындысында облысымыз ауру деңгейі бойынша Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарынан кейін 4-орында болды. 1994-2002 жылдары тұрғындардың туберкулезбен ауруы 2 еседен астам өсті. 2002-жылы туберкулезбен ауырудың 793 жаңа жағдайы тіркеліп, 147 адам туберкулезден қайтыс болды. Ал 2003 жылы облыс бойынша 749 ауру адам тіркеліп, 116 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда ересек тұрғындар арасында басқа жұқпалы ауруларды қоса алғандағыдан туберкулезден өлгендер саны көп.
Облыстың туберкулезге қарсы мекемелерінде айқын туберкулезбен ауыратын 2145 адам диспансерлік есепте тұр, олардың 300-ден астамы туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратындар (бацил бөлетіндер).
1990-1998 жылдары химиотерапия бытыраңқы болды, диагноз қоюдың, емдеумен сауықтандырудың бұрынғы тәсілдері жаңарған әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес келмеді, созылмалы аурулар саны өсе түсті.
Еліміздегі және облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай Еңбекпен түзету мекемелеріндегі туберкулез ауруларының көбейіп кеткендігінен асқына түсуде. Бұл мекемелердегі туберкулездің айқын түрімен ауыратындар саны республика тұрғындары арасындағыдан 30 есе, ал өлім жағдайы 9 есе жоғары. Маңғыстау облысындағы 4 еңбекпен түзеу 1500-нан астам аурулар тіркелген.
Балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың жедел тарауы дабыл қағарлықтай. 2002 жылы облыста балалардың туберкулезбен ауру көрсеткіші 91,7 пайыз (республикалық көрсеткіш — 43,3 пайыз), ал 2003 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда — 86,2 пайыз.
Сырқат балалардың клиникалық құрылымына көз жіберсек, туберкулездің асқынған түрімен ауыратындар көбейген. Соған қарамастан, облысымызда ауру балаларды оқшаулайтын және сауықтыратын санаторий үлгісіндегі мектеп-интернат жоқ.
Қазіргі кезеңде республикада мультирезистентті туберкулезді анықтау, емдеу, сондай-ақ туберкулез микробактерияларының дәріге төзімділігі проблемалары барынша өзекті. Қазақстан Республикасы Туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, 2001 жылы жаңадан анықталған ауруларда туберкулезге қарсы негізгі дәрілер -изониазид пен рифампицинге (MDR) туберкулез микробактерияларының төзімділігі 9,9 пайыз, қайталап ауырғандар арасында 22,5 пайыз екендігі анықталып отыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша туберкулезге қарсы негізгі дәрі-дәрмекке төзімді 300-ден астам ауру ресми тіркелген.
Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген адамдарға амбулаториялық емделу кезінде жол жүру үшін қаржылай өтемақы төлеу бойынша облыстық әлеуметтік қорғау басқармасымен өзара байланыс жоқ.
Қазақстандағы келуші азаматтар мен ел ішінде қоныс аударушыларды туберкулез жөнінде тексеру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді. Туберкулезге қарсы күресте жануарлар мен адам арасындағы қатынас ахуалы зерттеуді қажет етеді.
Туберкулезбен күресте оны емдеу мекемелері мен жалпы емдеу жүйесінің күштерін біріктіре отырып, жұмылдыру қажеттігі туып отыр.
Соңғы жылдарда денсаулық сақтау мекемелеріне көп қаржы бөлінгеніне қарамастан, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы әлі де нығайтуды қажет етеді: ескірген диагностикалық рентген жабдықтарын жаңасымен алмастыру, дезинфекциялық камералар, автокөліктер алу.
Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу жұмыстарын жандандыра түсу қажет.
Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек қызметі, Ішкі істер Министрлігі, Әділет Министрлігі, Қорғаныс Министрлігі мен туберкулезге қарсы мекемелердің арасында ақпарат алмасу байланысы дұрыс қалыптаспаған.
Жұмыс берушілер тарапынан БК (-) туберкулезбен ауырып, емделіп, сауығып шыққан адамдарды жұмысқа қабылдаудан бастарту жағдайлары кездесуде.
БК(+) аурулармен және созылмалы сырқаттармен отбасылық қатынастан жұқтырылатын аурулардың өсу беталысы бар.
Ауру жұқтыру мүмкіндігі болғандықтан және жұмыстың қауырт, әрі қарбаластығынан фтизиатрия қызметінен медицина кадрларының шығып кетуі байқалуда.

3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты-фтизиатриялық қызметі тиімді ұйымдастыру негізінде туберкулезбен ауыру, тарау, мүгедектікке ұшырау және өлім көрсеткіштерін біртіндеп төмендете отырып, эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру болып табылады.
Негізгі міндеттерге мыналар кіреді:
облыстық, қалалық және аудандық деңгейде туберкулезбен күрестің басымдылығын қолдау;
бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем (одан әрі — БМСЖ) желісін тарта отырып, емделудің барлық сатысында туберкулез ауруларының бақылауы химиотерапиясын ұйымдастыру;
туберкулезге қарсы БМСЖ қызметін басқа да ведомстволар және министрліктермен өзара байланыс орнатып, сабақтастыру;
компьютерлендірілген бағдарламалармен, жаңа ғылыми жаңалықтар негізінде туберкулезбен ауыратындарды анықтау, емдеу және бақылауға орталықтандырылған тиімділік мониторингін жүргізу;
БМСЖ желісінің мамандарын бейімделген DOTS бағдарламасы бойынша оқыту;
туберкулезге қарсы қызметтің барлық буындарда ұйымдастыру нысандарын сақтау, материалдық-техникалық базасын нығайту;
емдеу-сауықтыру кезінде туберкулезбен ауыратындарға экономикалық, моральдық-этикалық нормаларды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ туберкулезге қарсы қызметтің барлық ведомстволарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау.

4. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі

Бағдарламада алға қойған мақсаттарға жету және басты міндеттерді шешу үшін, адам құқықтарын сақтауға кепілдік беретін мемлекеттік заңдар негізінде облыс тұрғындарына тегін, ыңғайлы және барлық азаматтарға бірдей мүмкіншілігі бар туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру көзделген.
Негізгі бағыттары:
дәйекті негізделген және секвестрленбейтін қаржыландыруды жүзеге асыру;
бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдау және бағалау мақсатында туберкулезбен ауыратындардың компьютерлік мәліметтер банкін, эпидемиологиялық мониторинг жүйесін құру және оларды қолдау;
бірінші анықталған науқастарды, ауруы асқынған, сәтсіз емделген және бұрын емделмеген созылмалы ауруларды бақылау жағдайында толық химиотерапиялық емдеумен қамту;
облыстың туберкулезге қарсы мекемелерін рентгенді- диагностикалық жабдықтармен, анықтау қабілеті жоғары микроскоптармен, рентгенді-флюорографиялық пленкалармен және химреактивтермен қамтамасыз ету;
Жүзеге асыру тетігі:
туберкулезбен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі Аймақтық бағдарламаның жүзеге асуына, облыстың барлық мүдделі қызметтері мен ведомстволарының өзара іс-қимылының тиімділігіне, заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттардың орындалуына, облыстағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүйелі және уақытылы орындалуына қолдау көрсетіп, тиісінше бақылау жүргізеді;
аудандар мен Ақтау және Жаңаөзен қалалары әкімдері жанындағы туберкулезбен күрес жөніндегі үйлестіру кеңестері әр тоқсан сайын туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалысы туралы облыстық үйлестіру кеңесіне есеп береді;
облыстың туберкулезге қарсы мекемелері Аймақтық бағдарлама негізінде 2 ай мерзімде тиісті шараларды орындау жоспарын жасап, оны облыстық туберкулезге қарсы диспансерге, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынады;
бағдарлама бекітілген соң 2 ай мерзімде онда көрсетілген іс- шараларды орындаушылар олардың алдағы қаржы жылының жоспарында орындалуын қарастырады. Жоспардан тиісті көшірме көрсетілген мерзімде облыс әкімі жанындағы туберкулезбен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесіне бекітуге ұсынылады;
туберкулезге қарсы күрес Бағдарламасын жыл сайын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылады, туберкулезге қарсы мекемелер жоспарлайды, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісіледі, тиісті қаржы органдары бекітеді;
амбулаториялық емделу кезеңінде аз қамтылған жанұялардың мектеп жасындағы науқаспен қарым-қатынастағы және виражды балаларын қосымша тамақтандыру үшін және туберкулезбен ауырған науқастардың жол жүруі үшін қаржы бөлу қарастырылады;
көші-қон қызметімен бірлесе отырып, Маңғыстау облысының аумағына келушілерді және оның ішінде түпкілікті қоныс аударушыларды туберкулез жөнінде тексеру жұмысы жанданады;
ауыл шаруашылығы малдары мен адамдардың туберкулезге қарсы күрес іс-шараларының өзара байланысын қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама жасақталады;
жыл сайын жоспар бойынша бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем желісінің мамандарын Қазақстан Республикасы жағдайында бейімделген DOTS — стратегиясының диагностика және емдеу қағидаты бойынша оқыту жүргізіледі;
туберкулезге қарсы жалпы емдеу желісіндегі мекемелерге рентген-томографиялық қондырғылар алынады;
медициналық жабдықтар, санитарлық автокөліктер алуға, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге бөлінетін қаржы көлемі арттырылады;
бастапқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем мекемелері, ішкі істер, Әділет, Қорғаныс Министріліктері мекемелерімен бірлесіп, туберкулез ауруларын анықтау, емдеу, мониторинг жүргізу жөніндегі барлық іс-шаралары жүзеге асырылады;
тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту басқармасымен БК-ауруларын еңбекке орналастыру жөнінде шаралар алынады;
жұқтыру мүмкіндігін азайту үшін БК+ аурулар мен олардың отбасыларының тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қаражат қарастырылады;
балалар мен жасөспірімдердің арасындағы «қатерлі» топ адамдарына бактериоскопия, жыл сайынғы флюорографиялық тексеру, туберкулинодиагностика сияқты туберкулезді айқындау мен диагноз қоюдың негізгі әдістері қолданылады;
бірінші анықталған барлық нуқас, асқынған, сәтсіз емделген аурулар, бақылаулы химиотерапияның нұсқамалық ұсыныстарына (ҚР ДСМ 18.05 2001 N 471 бұйрығына қосымша) сәйкес тек қана қадағалаумен, белгіленген кестемен ауру деңгейіне қарай дәрі-дәрмектердің көмегімен толық тегін ем алады. Бактерия бөлуші туберкулез аурулар негізінен тиісті азықтану, жатып емделу нормативін сақтай отырып, ауруханаларда емделеді.
Химиотерапия демеу көрсету кезеңінде, амбулаториялы, күндізгі стационарда санаторий жағдайында жүргізіледі. Бастапқы медициналық санитарлық жәрдем желісінің қызметкерлері барлық жерде емделуге тартылады. Созылмалы ауруларды резервтегі дәрі-дәрмектермен бұл препараттардың орталықтандырылған сатып алу жүйесі бойынша түсуіне қарай және Қазақстан Республикасының Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының 2002 жылғы «Полирезистентті туберкулездің мониторингі және емдеу» әдістемелік нұсқаларына сәйкес емдеуді жүзеге асыру. Туберкулездің күрделі түрлерін екпінді инновациялық жергілікті, патогенетикалық, эндоскопиялық, коллапсохирургиялық әдістерді қолдану арқылы хирургиялық тәсілдермен емдеу;
туберкулез ауруларды емдеу нәтижелері Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің N 323 және N 471 бұйрықтарында көрсетілген өлшем бойынша бағаланады;
тиісті химиотерапия барлық туберкулезге қарсы мекемелер мен бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем желілерін негізгі туберкулезге қарсы препараттармен республикалық бюджеттен орталықтандырылған түрде жабдықтау арқылы кепілдік беріледі. Дәрі-дәрмектерді пайдалану және олардың қалдығын бақылау ай сайын облыстық туберкулезге қарсы диспансер арқылы жүзеге асырылып, мәліметтер республиканың туберкулез проблемалар Ұлттық орталығына беріледі;
Маңғыстау ауданы Тұщыбек кентіндегі Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторий науқастарды демеу сатысында оларды түпкілікті емдеу және оңалту үшін пайдалынылады;
балаларға (кемінде 95 пайыз қамтылымда) жаңа туған нәрестелерге вакцина егу және 6-12 жас аралығындағы балаларды БИЦ вакцинасымен қайталап егу арқылы арнаулы алдын-алу шараларымен қамтамасыз етіледі. Вакцина егу перзентханада, қайталап егу жалпы педиатрия жүйесі қызметкерлері күшімен Санэпидстанция және туберкулезге қарсы қызмет мамандарының бақылауы арқылы жүргізіледі;
туберкулез инфекциясы ошақтарындағы балаларға химиопрофилактика жүргізу 3-6 ай бойына изониазид тағайындау жолымен фтизиаторлардың және бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем жүйесі қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Сол сияқты ВИЧ-инфекциялы адамдарға туберкулезге қарсы препараттарды аурудың алдын-алу мақсатында тағайындау республика туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының ұсыныс-нұсқауы бойынша, АҚТҚ-орталық қызметкерлерінің және фтизиатрлардың бақылауы арқылы жүргізіледі;
науқас балаларды санаторий үлгісіндегі арнайы мамандандырылған балабақшаларға оқшаулау;
туберкулезге қатынасы бар, белгісі бар оқушы балалар үшін санаторий мектеп-интернат ашу;
санитарлық-ағарту жұмыстары кешенді түрде, барлық тұрғындар арасында бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін тарту жолымен тегін негізде жүргізіледі.
Ай сайын радио, теледиарда эфир уақыты беріліп, газет, журнал, жарнамалық басылым беттерінде (жеке және мемлекеттік) туберкулездің белгілері, оны емдеу әдістері және алдын-алу жөнінде ақпарат жарияланады. Санитарлық-ағарту жұмысына барлық діни ұйымдармен мен конфессиялар, мемлекеттік емес ұйымдар жоғарыда көрсетілген мәселелерді лекциялар, уағыздар, әңгімелесулер арқылы әсіресе, аз қамтылған тұрғындар, баспанасыз жандар арасында, түрмелерде кеңінен таратады.

5. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар облыстық бюджет және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да қаржы көздері арқылы іске асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру 1112,9 млн. теңгеге қарыландыруды талап етеді.

6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

Туберкулезді диагностикалау және емдеу бойынша барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді мейлінше жұмылдыру нәтижесінде 2004-2006 жылдар кезеңінде ауру көрсеткіші тұрақтануы тиіс, ал содан соң Бағдарламаның барлық тармақтары түгел орындалған жағдайда ауру көрсеткішінің төмендеуі байқалмақ. Балаларды бақылаудағы иммунды сауықтырумен қамту артады, белсенді туберкулезді диагностикалау мерзімі қысқарады, туберкулездің кеш анықталатын түрлерінің саны азаяды.
Осымен қатар туберкулездің созылмалы түрімен ауыратындар көлемі азаяды деп күтілуде. Емделу көрсеткіші артады, асқыну саны төмендейді, өйткені туберкулезбен күреске БМСЖ желісі мейлінше тартылады және салауатты өмір салтын насихаттау жақсарады.
Бұл болжам — облыс бойынша аурудың өсу деңгейінің 1997-2002 жылдары 30 пайыздан 14 пайызға дейін кемігеніне және облыстың көптеген аудандарында осы аурудан өлудің азаю беталысына негізделіп отыр.

7. Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

источник

Туберкулез – туберкулез таяқшасымен (Кох бацилласымен) шақырылатын жұқпалы ауру. Туберкулез көбінесе тыныс алу жолдарын зақымдайды, бірақ өкпеден тыс түрлері де кездеседі. Олар тері, лимфа түйіндері, сүйек, бүйрек, көз, кеуде қуысы мүшелері, орталық нерв жүйсі және тағы басқа мүшелердің туберкулезі.

Туберкулезді ауру адамнан ауа-тамшы жолы арқылы (сөйлесу, түшкіру, жөтелу); туберкулез қоздырғышы бар түкірік пен сілекеймен ластанған заттармен қатынасу кезінде жұқтыруға болады, себебі Кох бацилласы сыртқы ортада белсенлілігін ұзақ уақытқа дейін сақтай алады. Сұйық қақырықта туберкулез таяқшасы кептірілген күйде болсада, әртүрлі заттарда, киімдерде, кітаптарда 5-6 айға дейін сақталады.

Туберкулезден қорғанудың негізгі жолы – оған қарсы егу болып табылады.

БЦЖ деген шет тілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette, яғни Кальмет-Герен бациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ әлсіретілген сиырдың туберкулезді таяқшасынан жасалады. Оның негізгі ерекшеліктері: мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату; аурудың ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен суйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады; балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етеді. Осының барлығының маңыздылығын ескере отырып, нәрестелер арасындағы БЦЖ екпесі неғұрлым ерте, екпеге қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда – перзентханаларда жасалады. Перзентханада қандай да бір себеппен егілмеген балалар, балалар емханасында егіледі. БЦЖ екпесімен егілген балалардың ағзасында иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады, сондықтан баланың 6 жасында (1сынып) БЦЖ екпесімен егуді қайта жасайды (Манту сынамасының нәтижесі теріс болғанда).

Туберкулезді алдын-алу мақсатында Кальмет-Герен бацилласы вакцинасымен қайта егу:

  • Манту сынамасының теріс нәтижесінде дені сау егілмеген 6 жастағы (1сынып) балаларға республика бойынша бір мезетте оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) оқу орнында (мектепте) жасалады. Бұл айда мектептерде басқа екпелерді жасауға тиым салынады.
  • Манту сынамасының нәтижесі күдікті болған балаларға 3 айдан кейін қайта қойылады, қайталама сынама нәтижесі теріс болса, қайта егу жасалады.

Созылмалы аурулармен ауыратын балалар, дені сау балаларға екпені ерекше қажет етеді, себебі ауру балаларда туберкулезді емдеу ауыр және ұзақ уақытты қажет етеді, ал егу процесі баланың ағзасы үшін жеңіл өтеді.

Қазіргі медицинаның дамыған заманында сапалы емдеу тәсілдері табылмаған ауруларға да вакциналар ойлап шығарылған. Екпе дамыған елдерде денсаулық сақтаудағы таза ауыз судан кейігі бірден бір маңызды мәселе болып табылады. Екпе ол аурушандылықты төмендету мен жұқпалы ауруларды алдын – алудың ең тиімді құралы. Қазіргі уақытта екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурудың алдын алып отыр. Көптеген балалар екпенің арқасында қайғы-қасіреттен қорғалып отыр.

Қазақстанда екпемен иммундау – балалар арасындағы жұқпалы аурулардың деңгейін төмендететін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады, бұл көптеген жылдардың тәжірибесімен дәләлденген және халықтың эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының деңгейінде тұр.

Әрбір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар.

«ҚР ДСМ ҚДС Комитетінің ШҚО ҚДС Департаментінің Өскемен қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы А.Нуркенова

источник

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылы 14 наурыздағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6862 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице — министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 131 бұйрығымен бекiтiлген

1. Осы туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі — Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туберкулезге қарсы ұйымдардың статусы мен өкілеттігін анықтайды.
2. Туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі — ТҚҰ) мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жатады:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасы туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – ҚР ТПҰО);
2) облыстық, қалалық және аудандық (ауданаралық) туберкулезге қарсы диспансерлер (ауруханалар);
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлер;
4) фтизиатриялық кабинеттер.
3. Қазақстан Республикасының ТҚҰ қызметі туберкулез ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруға және оның профилактикасына туберкулезден сырқаттанушылықты, таралушылықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған.
4. ТҚҰ өз қызметінде «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйым Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке арналған мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.
5. ТҚҰ:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, туберкулездін профилактикасы бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты: (БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы, халыққа профилактикалық тексеру жүргізу);
2) туберкулез инфекциясы ошақтарында санитариялық–індетке қарсы санитариялық (алдын алу) іс-шараларды, химиопрофилактика жүргізу, диспансерлік есепте тұрған туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарды бақылау және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
3) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрі – ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
4) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стационарлық және амбулаториялық емдеу кезеңдерінде туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу;
5) мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлер жағдайында туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу мен оңалтудың қолдаушы сатысын жүргізу;
6) мәжбүрлеп оқшаулау үшін емдеуден бас тартқан бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған материалдарды сот органдарына жіберу.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
«Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық
орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

6. ҚР ТПҰО Қазақстан халқына ұйымдастыру-әдістемелік, білім беру, ғылыми, емдеу-диагностикалық, консультациялық қызмет және туберкулезге қарсы жоғары мамандандырылған көмек көрсетуді жүзеге асырады.
7. ҚР ТПҰО орта және жоғарғы оқу орындарының фтизиатрия кафедраларының (дипломнан кейiнгi бiлiм) клиникалық базасы болып табылады.
8. ҚР ТПҰО жанынан Республикалық орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия (бұдан әрі – РОДКК) құрылады.
9. ҚР ТПҰО міндеттері:
1) облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі ТҚҰ-ға, бастапқы медициналық санитариялық көмек (бұдан әрі — БМСК) ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң (бұдан әрі — ҚР ӘМ), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң (бұдан әрі — ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрі — ҚР IIМ) медициналық қызметтеріне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрі — ҚР БҒМ) оқу орындарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі — ҚР ЕжХӘҚ) консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТҚҰ жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы көмек көрсету;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа және жетілдірілген технологияларды сынау және практикаға енгізу;
4) Қазақстан Республикасында, оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінің деректерін жүйелі жинау, мониторинг және талдау негізінде туберкулезді үнемі эпидемиологиялық қадағалау;
5) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ, клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
6) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;
7) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы ауруларды диагностикалау мен емдеу;
8) туберкулезге қарсы препараттардың (бұдан әрі – ТҚП) жанама әсерлерін диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 920 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бастапқы медициналық құжат нысанына (бұдан әрі — бастапқы медициналық құжат нысаны) сәйкес есепке алу;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 742 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6586 тіркелген) бастапқы медициналық құжат нысанына (бұдан әрі — бастапқы медициналық құжат нысаны) сәйкес есептілік;
11) Қазақстан Республикасында туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП қажеттілікті анықтау, олардың ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында олардың жұмсалуы мен дұрыс сақталуын бақылау;
12) ҚР ӘМ, ҚР ІІМ және өңірлік мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері (бұдан әрі — МСЭҚД) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің медицина қызметкерлерін тарта отырып өңірлерде туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылу мониторингі және бағалау;
13) азаматтық және пенитенциарлық секторлардың фтизиатрия қызметінің, сондай-ақ, БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін туберкулезбен күрес және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізу;
14) үкіметтік емес ұйымдармен, соның iшiнде халықаралық және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу;
15) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;
16) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» РМҚМ бірлесе отырып жүргізу;
17) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ТҚҰ, БМСК ұйымдары мен Қазақстан Республикасы ведомстволарының медициналық қызметтерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

10. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі — ОТҚД/ҚТҚД) (аурухана) облыстағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін, медициналық ұйымдар мен халыққа туберкулезге қарсы ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық және консультациялық көмек көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.
11. ОТҚД/ҚТҚД жанынан облыстық/қалалық орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ООДКК/ҚОДКК) құрылады.
12. ОТҚД/ҚТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету мәселесі бойынша облыстық/қалалық ТҚҰ және БМСК ұйымдарына ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық;
2) облыстың ҚР ӘМ, ҚР ҚМ мен ҚР IIМ медициналық ұйымдар мен медициналық қызметтерге, сондай-ақ ҚР БҒМ оқу орындарына туберкулезге қарсы іс-шаралар өткізу бойынша консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;
3) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
4) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;
5) туберкулездің дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрімен ауыратын науқастарды емдеу;
6) емдеуден бас тартқан және туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау;
7) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы патологияларды диагностикалау мен емдеу;
8) туберкулезге қарсы препараттарға жанама әсерлерді диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;
9) облыстың МСЭҚД бiрлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:
жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялау;
жыл сайын туберкулезге мiндеттi флюорографиялық тексерілуі және «қауіп» тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасы жасалуы тиіс «қауіп» тобы тұлғаларының тізбесіне сәйкес сараланған флюорографиялық тексеруді жоспарлау;
10) бастапқы медициналық құжаттардың нысандарына сәйкес есепке алу;
11) есептік нысандарға сәйкес есеп;
12) облыстағы белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;
13) туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП мөлшерін анықтау, оларды ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында жұмсалуын және дұрыс сақталуын бақылау;
14) науқастарды емдеудің қолдау сатысында мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлерге, сондай-ақ балаларды санаторий үлгісіндегі мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне жіберу;
15) облыстық деңгейдегі стандарттық индикаторлар негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
16) туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке жарамдылығын сараптау бойынша іс-шараларды өткізу және медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (бұдан әрі – МӘСК) жіберу;
17) практикаға туберкулездің алдын алудың, анықтау және емдеудің қазiргi заманғы әдістерін енгізу;
18) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;
19) проблемалық мәселелерді жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына енгізу (туберкулез бойынша облыстық үйлестіру кеңестері);
20) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығымен (СӨСҚО) бірлесе отырып жүргізу;
21) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ТҚҰ, БМСК ұйымдары мен облыстың ведомстволық медициналық қызметтерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық іс-қимылды;
22) әлеуметтік көмек көрсету үшін науқастарды іріктеу.
13. ОТҚД/ҚТКД жанынан күндізгі емделу стационары құрылады (бұдан әрі – КЕС).
14. КЕС:
1) тәуліктік бақылауды және химиотерапияның бақыланатын курсын жүргізу қажет емдеуді талап етпейтін, бактерия шығармайтын I, II, III санаттағы науқастарды емдеуге жатқызу;
2) басқа өкпе ауруларынан туберкулезді сараланған диагностикалау.
15. КЕС науқастарға тексеру жүргізу үшін құрамында ол ұйымдастырылған ТҚҰ емдеу-диагностикалау қызметі пайдаланылады.
16. КЕС қаржыландыру құрамында ол ұйымдастырылған ТҚҰ сметасында көзделеді.

17. Мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторий (бұдан әрі — Санаторий) Қазақстан халқына туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу және сауықтыру көмегін жүзеге асырады.
18. Санаторий мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ҚР ТПҰО, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі ТҚҰ жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен емдеудің стандарттық және жеке режімдерінде, қолдау сатысында химиотерапия жүргізу;
2) туберкулез ауыратын науқастарды емдеу және оңалтуда жаңа және жетілдірілген технологияларды практикаға енгізу;
3) ТҚП жанама реакцияларын төмендету және уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды диагностикалау мен өткізу;
4) бастапқы медициналық құжаттардың нысандарына сәйкес есепке алу;
5) есептік нысандарға сәйкес есеп;
6) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;
7) туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

19. Қалалық туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі — ҚТҚД) (аурухана) қаладағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін, қаланың медициналық ұйымдары мен халқына ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық және консультациялық көмек көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады.
20. ҚТҚД өз қызметін ОТҚД ұйымдастыру-әдістемелік басшылығымен іске асырады.
21. ҚТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қаланың медициналық ұйымдарына, оның ішінде БМСК ұйымдары мен ҚР ӘМ, ҚР ҚМ мен ҚР IIМ ведомстволарының медициналық қызметтеріне туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек;
2) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
3) туберкулездің дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрімен ауыратын науқастарды емдеу;
4) емдеуден бас тартқан және туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау;
5) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;
6) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы патологияны диагностикалау мен емдеу;
7) ТҚП жанама реакцияларын диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;
8) қалалық МСЭҚД бірлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:
жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялау;
жыл сайын флюорографиялық тексеру жүргізуді және «қауіп» тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасауды жоспарлау;
9) БМСК және МСЭҚБ ұйымдарымен бірлесе отырып микроскопиялық әдіспен туберкулез ауруына күдікті адамдарды тексере отырып, туберкулез бойынша «қауіп» тобын қалыптастыру;
10) қалада белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;
11) туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП мөлшерін анықтау, оларды ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында жұмсалуын және дұрыс сақталуын бақылау;
12) мәжбүрлеп оқшаулау үшін емнен бас тартқан, бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған материалдарды сот органдарына жіберу;
13) қалалық деңгейде стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
14) науқастардың еңбекке жарамдылығын сараптау бойынша іс-шараларды өткізу және оларды МӘСК жіберу;
15) туберкулезді диагностикалаудың, емдеу және алдын алудың қазiргi заманғы әдістерін практикаға енгізу;
16) туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын растау, түрін және диспансерлік есепке алу тобын анықтау, емді түзетулер және хирургиялық емге іріктеу үшін ОТҚД ОДКК медициналық құжаттарын ұсыну;
17) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;
18) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде СӨСҚО бірлесе отырып жүргізу.
22. ҚТҚД жанынан Ережеге 13 — 16-тармақтарда белгіленген тәртіппен КЕС құрылады.

23. Аудандық туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі — АТҚД) (аурухана) ауданның мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.
24. АТҚД өз қызметін ОТҚД/ҚТҚД ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулығымен іске асырады.
25. АТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
2) туберкулездің асқынбаған (шектелген әрдістерімен) дәріге сезімтал түрімен ауыратын науқастарды (алғаш рет анықталған, қайталанған, сәтсіз емделген) емдеу;
3) аудан деңгейінде стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
4) аудан деңгейінде стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
5) БМСК және МСЭҚБ ұйымдарымен бірлесе отырып микроскопиялық әдіспен туберкулез ауруына күдікті адамдарды тексере отырып, туберкулез бойынша «қауіп» тобын қалыптастыру;
6) аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:
жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ вакцинациясын жоспарлау мен ұйымдастыру;
жоспарлау барысында дәрігер-педиатр мен дәрігер-фтизиатр бірлесіп әзірлеген «қауіп» тобы тұлғаларының тегі бойынша бекітілген тізіміне сәйкес 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасауды жоспарлау;
жыл сайын сараланған флюорографиялық тексеру жүргізу және «қауіп» тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасау;
7) аудандағы белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;
8) науқастардың еңбекке жарамдылығына сараптама жүргізу және оларды МӘСК жіберу;
9) туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын растау, түрін және диспансерлік есепке алу тобын анықтау, емді түзетулер және хирургиялық емге іріктеу үшін ОТҚД/ОДКК медициналық құжаттарын ұсыну;
10) семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;
11) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
26. АТҚД жанынан Ережеге 13 — 16-тармақтарда белгіленген тәртіппен КЕС құрылады.

27. Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансер (аурухана) (бұдан әрі — ААТҚД) қызметі туберкулезбен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған мамандандырылған емдеу-диагностикалық ұйым болып табылады.
28. ААТҚД өз қызметін ОТҚД әдістемелік-ұйымдастыру басшылығымен іске асырады.
29. ААТҚД-ге бірдей инфекциялық-эпидемиологиялық бейіндегі облыстың/қаланың аудандарынан туберкулезбен ауыратын науқастар жатқызылады.
30. ААТҚД түрлері:
1) бактерия шығармайтын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған;
2) ТҚП сезімтал бактерия шығаратын науқастарға арналған;
3) туберкулездің дәріге көнбейтін түрлерімен ауыратын, екінші қатардағы ТҚП емдеуге жататын ететін науқастарға арналған;
4) симптоматикалық емдеу үшін созылмалы және дәріге көнбейтін туберкулездің түрлерімен ауыратын науқастарға арналған.
31. ААТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
2) туберкулез ауруының дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрлерімен ауыратын науқастарды;
3) науқастарға медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен стандартты және жеке-дара кестелер бойынша ем жүргізу;
4) аудандағы БМСК және ТҚҰ ұйымдары жолдаған науқастарға кеңес беру;
5) аудан деңгейінде туберкулезге қарсы шараларды стандартты индикаторлар негізінде орындау;
6) перзентхана және емханалардың балалар бөлмесімен бірлесіп жаңа туған сәбилерге БЦЖ вакцинациясын, 6 жастағы балаларға (1-сынып) БЦЖ ревакцинациясын жүргізуді ұйымдастыру;
7) жыл сайын мiндеттi түрде туберкулез ауруына алдын ала тексерілуі тиіс «қауiп» тобының тiзiмiндегі жандарға жыл сайын флюорографиялық тексеру жүргізу және «қауiп» тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасауды жоспарлау;
8) аудандағы белсенді туберкулезі бар науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу;
9) туберкулез ауруы диагнозын растау, науқастың типін және диспансерлік есеп тобын анықтау, емге түзетулер жасау және хирургиялық емге іріктеу мақсатында туберкулез ауруына шалдыққан науқастардың медициналық құжаттарын ООДКК/ҚОДКК ұсыну;
10) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
32. ААТҚД жанынан Ережеге 13 — 16-тармақтарда белгіленген тәртіппен КЕС құрылады.

33. Фтизиатриялық кабинет (бұдан әрі — ФК) ауылдың округтің құрамына енбейтін, ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған ауылдық округте құрылатын мамандандырылған емдеу-диагностикалық кабинет болып табылады.
34. ФК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ, клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);
2) амбулаториялық деңгейдегі медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен туберкулезбен ауыратын науқастарға науқастарды емдеуді ұйымдастыру;
3) ТҚП жанама реакциясын диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;
4) ауданда стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын мониторингілер және бағалау;
5) БМСК және МСЭҚБ ұйымдарымен бірлесіп туберкулез бойынша «қауіп» тобын қалыптастыру, туберкулез ауруына күдікті тұлғаларға микроскопиялық әдіспен тексеру жүргізу;
6) ауданның санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, мыналарға мониторинг жүргізу:
жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялауды жоспарлау және ұйымдастыру;
жыл сайын сараланған флюорографиялық тексеру жүргізу және «қауіп» тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасау;
7) белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу;
8) науқастардың еңбекке жарамдылығына сараптау жүргізу, оларды МӘСК жіберу;
9) туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын растау, түрін және диспансерлік есепке алу тобын анықтау, емді түзетулер және хирургиялық емге іріктеу үшін ОТҚД/ОДКК медициналық құжаттарын ұсыну;
10) семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;
11) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

источник